Қазақстан • 06 Қараша, 2018

Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

389 реткөрсетілді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық студенттерге анықтама, транскрипт береді, білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеп, гранттар мен шәкіртақыларға өтініш қабылдайды, барлығы 35 түрлі қызметті «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетеді. 

Батыс Қазақстан облысында тұңғыш ашылып отырған орталыққа өңір басшысы Алтай Көлгінов арнайы келді. Уни­верситет ректоры Асқар Нәметов биыл 55 жылдығын атап өткен іргелі білім ордасында қолға алынған «SMART university» жобасы туралы әңгімеледі.  

– Университеттегі «Smart university» жобасын бастап отырмыз. Бұл орталықта студенттерге де, оқытушыларға да автоматты қызмет үлгісін көрсетеді, – деді Асқар Нәметов.

– Елбасымыз келесі жылды Жастар жылы деп атады. Жастарға ең басты қолдау – білім алуға, кәсіп үйренуге бар­лық мүмкіндікті жасау. Прези­дентіміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ білімге ерекше көңіл бөлді. «Болашақ» бағ­дарламасы пайда болды, Назарбаев Университет, зият­керлік мектептер, лицейлер ашылды. Олар құрал-жабдықпен қам­тамасыз етіліп, қаншама грант бөлініп жатыр. Бес әлеуметтік бастама бойынша биыл тағы да қосымша грант бөлінді. Бұл гранттың иегерлері біздің өңірде де, осы университетте де бар. Мемлекет жыл сайын жастарға жаңа кеңістік ашып отыр. Ең басты көздеген мақсат – сапалы білім беру. Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тізіміне енгіміз келсе, жастарымыз білімді болуы керек. Басқа жол жоқ! Бүгін ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығы да білім сапасын арттыруға сеп болады деп ойлаймыз, – деді Алтай Көлгінов орталықтың ашылу салтанатында.

Студенттерге қызмет көр­сету орталығының лентасын «Рухани жаңғыру» орта­лығының профессоры, философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев пен машина жасау факультетінің 4-курс студенті, Президент сти­пендиясының иегері, ЖОО арасында өткізілген «Үздік сту­дент-2018» байқауының же­ңімпазы Гүлнұр Тілепберген қиды. Орталық қызметін тұңғыш пайдаланғандардың бірі машина жасау факультетінің 4-курс студенті Мұса Көнеев болды. 

– Бұрын дәл осы транскрипті алу үшін бір апта уақытымыз кететін. Бүгін, міне, бес-ақ минут жұмсадым, – дейді Мұса. – Уақытты тиімді пайдаланатын болдық. Бұл жерде үнемделген уақытты білім алуға, басқа да пайдалы іске жұмсаймыз. 

Студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен та­нысқан Алтай Көлгінов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дің 1-курс студенттері алдында «Білімге талпыныс – жетістіктің негізгі кілті» тақырыбында қоғамдық дәріс өткізді. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар