Әлем • 06 Қараша, 2018

Ақтөбелік палуан Нұрислам Санаев пәтерлі болды

165 реткөрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еркін күрес палуаны, 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаевпен кездесті.

- Біз сенің Будапештте өткен Әлем чемпионатындағы жетістігіңді мақтан тұтамыз. Бұл еліміз үшін тарихи оқиға. Елбасы саясатының арқасында халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту артып, спорт нысандары қол жетімді болып келеді. Біздің спортшылардың жетістіктері де Қазақстанның жас ұрпағына салауатты өмір салтын таңдауға күшті ынталандыру болып табылады », - деді спортшыға денсаулық пен спортта жаңа биіктерге жетуін тілеген Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы спортшыға облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атынан Ақтөбе қаласының Батыс-2 тұрғын үй алабынан екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Өз кезегінде Нұрислам Санаев жылы қабылдағандары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта барлық күш-жігерін жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмсайтынына уәде берді.

Белгілі болғандай, осы жылғы қазан айының соңында Будапештте еркін күрестен Әлем чемпионаты өткен болатын. Біріншіліктің қорытындысы бойынша Нұрислам Санаев олимпиадалық салмақта Әлем чемпионатының күміс алқасын жеңіп алған Қазақстаннан шыққан алғашқы еркін күрес палуаны атанды. Айта кетейік, Н.Санаев 2020 жылы Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті. Сол үшін ол 2019 жылдың қыркүйек айында Астанада күрес түрлерінен өтетін Әлем чемпионатында жоғары нәтижелерді көрсетуі керек.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар