Шара барысында, әдеттегідей, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев конкурсанттарға сәттілік тілеп, елорда басшылығының атынан байқауды дайындап, ұйымдастырғандарға, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері мен қонақтарға – тығыз жұмыс кестелеріне қарамастан уақыт тауып, «Шабыт» фестиваліне келген танымал өнер шеберлеріне алғысын білдірді.
- Мемлекет басшысы қазақстандық жастардың шығармашылығын дамытуға айырықша көңіл бөледі. Жақында халыққа Жолдауында Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келесі жылды жастар жылы деп жариялады. Бүгінде жер-жерлерде және мемлекеттік деңгейде, Астана әкімдігінің деңгейінде үлкен кешенді бағдарлама әзірленуде, онда жастарды, оның ішінде еліміздің және елордамыздың шығармашыл жастарын қолдаудың түрлі шаралары қарастырылады. Осымен, «Шабыт» 21-рет өткізіліп отыр. Фестиваль елордамызбен бірге дүниеге келіп, бірге жасап, өркендеп келеді, шығармашылық пен өнер шыңдарын бағындыруда. Жыл сайын көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалын бар жас таланттарымызды қарсы аламыз, - деді Ермек Аманшаев.
Сөз соңында елорда басшысының орынбасары «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің негізін қалаушылардың бірі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен профессор, өнер университетінің ректоры. Оларды ел ішінде ауқымды байқаудың «ата-анасы» деп атап кеткен.
- Астананың және біздің университетіміздің 20 жылдығы атап өтілетін жылы фестиваль 21-рет өткізілмек. Байқаудың барша әлем бойынша табынушылары бар, оның лауреаттары мәдениет қайраткерлері атанып жүр деп зор мақтанышпен, қуана айта аламыз, - деді Айман Қожабекқызы. Ол конкурсанттарға жоғары деңгейде өнер көрсетуді тіледі.
Төлеген Мұхамеджанов фестивальдің пайда болған тарихына тоқталды. 20 жыл бұрын Қазақстан Президенті оның ұсынған идеясын қолдап, байқауды өз қамқорлығына алған.
- Нұрсұлтан Әбішұлы бірінші фестивальді өзі ашты, залда отырып, қатысушыларды қошеметтеді. Сондықтан фестивальдің бастамасы жақсы болды, бүгін де осы жолдан таймай келеді. Бір кездері өнер көрсеткен жастар қазір 40-тан асты, кейбірі 50-ге кеп қалды. Кейбірі бүгін қазылар алқасының құрамында отыр, енді сіздердің өнерлерлеріңізді бағалайды. Сабақтастық деген осы, бұл ұрпақтан-ұрпаққа берілетін эстафетаның символы деуге болады. Жастарға өз өнерлерін жарқын, батыл көрсетулерін және сәттілік пен бақыт тілеймін! – деді Төлеген Мұхамеджанов.
«Шабыт» фестивалінің салтанатты ашылуы биылғы номинациялар бойынша бәсекеге түсетін конкурсанттардың өнер көрсетуімен жалғасты. Халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен лауреаттары Аслана Гумарова, Нұрай Мықты, «Бастау» дуэті, сондай-ақ, Витебскіде «Славян базары-2018» байқауының алтын жүлдесін алған, Әміре атымен танымал болған Ернар Садырбаев өз өнерлерін ортаға салды. Концерт соңында сахнаға Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы шықты. Айта кетейік, ұжым солистері де фестиваль лауреаттары болып табылады.
Үстіміздегі жылы байқауға қатысуға 613 адам ниет білдірді. Олардың басым бөлігі Астананың намысын қорғайды. Жылдан жылға қатысушылар географиясы кеңейсе, қазылар алқасы мүшелерінің саны артуда. Конкурсанттар арасында барша Қазақстанның жастары, сонымен қатар Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Израиль, Башқұтстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінің де өкілдері бар.
Еске салайық, байқау бағдарламасына 5 негізгі номинация енген: Классикалық музыка, Халық музыкасы, Эстрадалық вокал, Хореография, Журналистика.
Кейбір номинациялар секцияларға бөлінеді, олардың әрқайсысында негізгі жүлделі орындар мен Гран-приден басқа, танымал өнер қайраткерлерінің құрметіне арнайы атаулы дипломдар да қарастырылған.
- Жыл сайын 10-20 номинациядан өткізу өте қиын. СОндықтан, оларды өзгертіп отыру туралы шешім қабылдадық. Биылғы байқаудың ерекшелігі соңғы рет 2011 жылы болған журналистика номинациясының енгізілгендігі. Биыл оны қайта қостық. Қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелерінің географиясы әртүрлі. Қазылар алқасының құрамында, Ресей, Украина, Қырғызстан сияқты көрші мемлекеттердің, Австрия, Германия, Грузия, Македония, Израиль, Шешенстан Республикасының көрнекті мәдениет қайраткерлері де бар. Байқау туралы төрткүл дүниеде біледі, - деді Астана әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.