Қазақстан • 08 Қараша, 2018

Еуропа лигасы: елордада «Астана»- «Яблонец» матчы өтеді

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін УЕФА Еуропа лигасында елордалық команда Чеxияның «Яблонец» командасымен кездеседі.

Еуропа лигасы: елордада «Астана»- «Яблонец» матчы өтеді

Матч 8 қарашада «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы сағат 21:50-де.

Командамыз бүгін «Яблонецпен» кездессе, 29 қарашада өз алаңында Киевтің «Динамо» (Украина) клубын қабылдайды. Ал 13 желтоқсан күні сырт алаңда Францияның «Ренн» клубымен шеберлік байқасады. Дәл қазір төрт команданың да жарысты жалғастыру мүмкіндігі бар.

Рас, «Астана» мен «Динамоның» жағдайы тәуірлеу, олардың еншісінде бес-бес ұпайдан жазылған. Ал «Реннде» 3, «Яблонецте» 2 ұпай бар. Ендеше, қай команданы да алда тартысты ойындар күтіп тұр деуге негіз бар.

Бүгінгі күнге дейін «Астана» сырт алаңда «Динамомен» 2:2 есебімен тең түссе, одан кейін өз алаңында «Ренді» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін сырт алаңда бүгінгі қарсыласы - «Яблонецпен» 1:1 есебімен тең түсті. 

Айта кетейік, ойын 14 мемлекет пен 3 құрлықта көрсетіледі.