Қысқы спорт • 08 Қараша, 2018

Хоккей: Жерлестеріміз Венгрияны ұтты

171 реткөрсетілді

Венгрияның астанасы – Будапеште шайбалы хоккейден «Еврочеллендж» турнирі басталды. Қазақстанның ұлттық құрамасы өзінің алғашқы кездесуін айдын иелеріне қарсы өткізді.

Бәсекені сылбыр бастаған қос команда бірінші кезеңде бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Есесіне үзілістен кейін қонақтар қарқынын күрт күшейтіп, айналдырған үш минут аралығында үш мәрте мергендік танытты. Алғашында Кирилл Савицкий, іле-шала Валерий Гурин мен Андрей Яковлев нысананы дәл көздеді. Бұл голдардың барлығы да екінші кезеңнің басында соғылды. Үшінші кезеңде венгриялықтар есеп айырмашылығын қысқартты – 1:3. Бұл есеп кездесудің соңына дейін сақталды. 

Өзінің келесі бәсекесін Қазақстан құрамасы Астананың уақыт өлшемі бойынша бейсенбіден жұмаға қараған түні Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Ал қарашаның 9-нан 10-на қараған түні Италия командасымен күш сынасамыз.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапында мына хоккейшілер өнер көрсетуде: Қақпашылар – Никита Бояркин («Сарыарқа») мен Валерий Севидов («Алматы»). Қорғаушылар – Егор Шалапов («Номад»), Александр Пелевин («Номад»), Иван Степаненко («Бейбарыс»), Эмиль Нұрғалиев («Теміртау»), Мадияр Ыбырайбеков («Номад»), Никита Клещенко («Номад»), Кирилл Полохов («Номад») және Степан Александров («Алтай-Торпедо»). Шабуылшылар – Владислав Никулин («Сарыарқа»), Аркадий Шестаков («Торпедо»), Кирилл Савицкий («Номад»), Дмитрий Гренц («Барыс»), Ярослав Евдокимов («Номад»), Александр Борисевич («Теміртауә), Валерий Гурин («Номад»), Дмитрий Гурков («Барыс»), Егор Петухов («Номад»), Кирилл Панюков («Номад»), Антон Некряч («Бейбарыс») және Андрей Яковлев («Номад»).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар