Чехиядағы цирктерде итбалық, жираф, маймыл сынды кейбір жануарлардың өнер көрсетуіне тыйым салынған. Енді жергілікті шенеуніктер барлық жабайы жануарларға тыйым салуды ұсынып отыр. Цирктерде тек жылқы, түйе, лама секілді үй жануарлары ғана болады.
Чехияда бағдарламасына жабайы жануарлар кіретін 12 цирк жұмыс істейді. Цирк жетекшілері министрліктің бұл ұсынысына қарсылық білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, бұл ұсыныс жүзеге асқан жағдайда аңдардың өмір сүру деңгейі нашарлайды.
Министрліктің жоспарына сәйкес, аңдар әзірге арнайы орталықтарда болады.