Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге арналған «ОV Orda» бұлтты бейнебақылауы арқылы Қазақтелеком АҚ-ның қаржысы есебінен қаладағы тұрғын үйлерге видеодомофондар орнатылып жатыр. Мұнда тұрғындар үшін мобильді қосымшалары жасалып, бір апталық бейнежазбалары мұрағатта сақталатын болады. Абоненттік төлем әр пәтерге 300-500 теңге көлемінде болады.
Алғашқы болып Астана мөлтек ауданындағы екі көпқабатты тұрғын үй қосылған. Екінші кезең бойынша Сырдария, СПМК-70, Арай-2, Сұлтан Бейбарыс, Мерей мөлтек аудандарындағы 91 көпқабатты тұрғын үй қосылатын болады. Сондай-ақ үшінші кезеңде жыл аяғына дейін тағы 50 көпқабатты тұрғын үйді қосу жоспарланып отыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы