Қоғам • 09 Қараша, 2018

Жемқорлықтың алдын алу маңызды

39 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Азия және Тынық мұхит аймағының елдері үшін коррупцияға қарсы бастамалардың қоғамдық парасаттылық желісінің мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті отырысына қатысты.

Бұл бастаманы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Азия даму банкі 2001 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында тәжірибе алмасу үшін ұсынған болатын. Қазақстан оған 2002 жылы қосылды.

Жиынға Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпек­баев, Қаржы министрі Ә.Смайы­лов, Азия даму банкінің Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет және парасаттылық жөніндегі офисі­нің кеңесшісі Л.Вонг, Азия және Ты­нық мұхит аймағының 20-дан астам елінің мемлекеттік сатып алу­лар саласындағы коррупцияға қарсы қыз­меттері мен мемлекеттік органдары­ның өкілдері, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Азия даму банкінің және БҰҰ Даму бағдарламасының халықаралық сарапшылары қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу ісінде алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдау басты міндет болуға тиіс» деген сөзіне тоқталды.

Г.Әбдіқалықова Ұлт жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегия аясында Қазақстан сыбайлас жем­қорлыққа қарсы тұрудың заманауи моделін қалыптастырып жат­қа­нын айтты. Елде сыбайлас жемқор­лық­тан ада қоғам құруға бағытталған кор­руп­цияға қарсы саясат іске асырылуда. Мақсаты – оның салдарымен күресу емес, алғышарттарын жою.

Шенеуніктермен тікелей байланысты болдырмау үшін мемлекеттік қызметтердің 78 пайызы электронды түрде көрсетіледі. Бұл осы саладағы тұр­мыс­тық сипаттағы жемқорлық деңгейін үштен екіге төмендетуге мүмкіндік берді. «Мемлекеттік сатып алулар порталы» ашылып, оның аясында барлық мемле­кет­тік сатып алулар мен оның рәсімдері 100 па­йыз электрондық форматқа көшірілді.

Қазақстанда цифрлы үкімет пен электронды мемлекеттік қыз­мет­терді дамыту саласы бойынша қа­был­данып жатқан шаралар сыбайлас жемқорлықты мейлінше азайтуға бағытталған.

Соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова отырысқа қатысушыларға мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу жолында тиімді диалог орнатуға тілектестік білдірді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар