Қазақстан • 09 Қараша, 2018

Бизнес пен мемлекеттік мекемелер жұмысы жеңілдейді

45 реткөрсетілді

2020 жылға қарай еліміздегі сауда орындарындағы POS терминалдардың қамтылуы 100 пайызға жетпек. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ведомство тарапы бизнес пен мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетудің бірнеше жолын қарастырып отыр. Бұған дейін адам ресурстары мен уақытты талап еткен жұмыстарды енді цифрлық технологиялар атқармақ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша Қаржы министрлігі бірқатар бағытқа басымдық беріп отыр.

Ең алдымен, бюджетті жоспарлау сапасын арттыру жоспарланған. Бұған дейін осы жұмысты орындауға кем дегенде екі ай уақыт кететін. Қазір бұл мерзімді 20 жұмыс күніне дейін қысқартуды қолға алынған. Трансформациялау есебінен мемлекеттік органдардың шығындары да азаяды.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар жүйесінің өзге де құзырлы органдармен бірлесе әрекет етуі есебінен растау құжаттары жүйелі жүргізіледі. Қанатқақты жоба қаржы министрлігінде жыл соңына дейін жүзеге асады. Келесі жылдан бастап өзге мекемелерде іске қосылмақ. Бұл электронды мемлекеттік сатып алу кезінде форматты-логикалық бақылау тұрғысында қолданушылар жіберетін қателіктерді 10 есеге дейін, камералық бақылау есебінен процедуралық бұзушылықтарды 3 есеге азайтады. Электронды келісімдер мен актілер бір келісімнен 10 мың теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнес өкілдері үнемдейтін қаржы 10 миллиард теңгені құрамақ.

Цифрлық трансформация дербес шоттар саласын да қамтыды. Бұған дейін азаматтар берешектері бар-жоғын растайтын анықтаманы 3 күн күтетін еді. 2015 жылы қызметтерді орталықтандыру жұмыстары жүргізіліп, мұндай анықтамалар бір-екі секундта беріледі.

Қаржы министрлігі тауар қозғалысын бақылау ісіне де ерекше ден қойып келеді. Онлайн кассалық бақылау машиналарының маңызы зор. Қазіргі кезде саудамен айналысатын салық төлеушілердің тек 9 пайызының ғана POS-терминалдары бар. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу көзделген. Ол үшін кәсіпкерлердің барлығы онлайн-режимде мәлімет тарататын кассалық бақылау машиналарын орнатулары тиіс.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар