Саясат • 10 Қараша, 2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі Мәскеулік форматындағы консультациялардың отырысына қатысты

64 реткөрсетілді

Қазақстан сыртқы істер министрлері орынбасарлары және арнайы өкілдер деңгейінде өтетін Ауғанстан жөніндегі Мәскеулік форматындағы консультациялардың екінші отырысына қатысты. Іс-шараға ресми Кабул, Талибан қозғалысы, Орталық Азия елдері, Иран, Пәкістан, Қытай, Үндістан, сондай-ақ АҚШ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.

Бұл кездесудің бірегейлігі, қазіргі тарихтағы алғаш рет ресми Кабул мен қарулы оппозиция өкілдері бірыңғай келіссөздер үстелінде отырғаны болып табылады.

Консультациялар барысында тараптар ауғанаралық татуласуға қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланып, атап айтқанда Ауғанстандағы ұзақ соғысты тоқтатудың шешу жолдары ұсынылды.

Отырысты Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ашты. Іс-шарадағы спикерлер Ауғанстандағы саяси күштер арасында тікелей жан-жақты келіссөздер жүргізу арқылы сол елдегі бейбітшілікті қалпына келтіруді ұсынды.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді басқарды. Өз сөзінде қазақстандық дипломат Орталық Азия елдерінің ортақ шекаралары бар болуы себебінен Ауғанстандағы бейбітшілік орнатудың маңыздылығын атап өтіп, Ауғанстанды аймақтық интеграциялық процестеріне тартуды ұсынды. Сондай-ақ, қазақстандық тараппен Ауғанстандағы бейбітшілікті қалпына келтіруге, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде және екіжақты уағдаластықтардың шеңберінде еліміз қосқан үлесі туралы атап өтілді.

Консультациялардың қорытындылары бойынша тараптар бұндай форматта ауғанаралық татуласу мәселесін талқылауды жалғастыруға келісті. Қалыптасқан дәстүр бойынша қорытынды құжат қабылданбай, келесі кездесудің өту мерзімдері белгіленбеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар