ugra2018.fide.com
Шахматтан әлем чемпионатында еліміздің үш спортшысы бақ сынасуда. Олар: Жансая Әбдумәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлсіхан Нахбаева. Биылғы әйелдер арасындағы әлемдік шахмат додасы Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өтіп жатыр.
Гүлсіхан Нахбаева алғашқы айналымда чемпионаттан шығып қалды. Динараны 2004 жылы әлем чемпионы атанған Болгария спортшысы Антоанета Стефановамен ойын күтіп тұр. Жансая Әбдумәлік үндістандық Падмини Роутты жеңіп, Чжао Суэмен бақ сынасуға жолдама алды. Әлем чемпионаты қарашаның 23-і мәресіне жетеді.