Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ құбыры зақымданды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында конверторлық цеxтың сыртқы жағындағы газ құбырында апатты жағдай болып, соның салдарынан от тұтанған.

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ құбыры зақымданды

Оқиға болған жерде облыстық ТЖД және «Өрт сөндіруші» АҚ қызметкерлерінің күшімен жанған от сөндіріліп, газ құбырын салқындату жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 34 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

«Конверторлық цеx пен әктасты күйдіру цеxының арасындағы құбыр бұзылған. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолға алынған. Жағдайды бағалап жатырмыз. Комбинаттың жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдар жасалуда», деп мәлімдеді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

Инвестициялар және даму министрлігінің ресми ақпаратына сай, қазіргі уақытта Теміртаудағы металлургиялық комбинатта орын алған апатты жағдайды зерттеу бойынша комиссия құрылған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,Теміртау қаласы