Футбол • 12 Қараша, 2018

Қостанайда «Тобыл» футбол командасына құрмет көрсетілді

508 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Тобыл» футбол командасы биыл қостанайлық жанкүйерлерін қуантты. Ол биыл еліміз футбол чемпионатында үшінші орынды жеңіп алды. Бұл команданың 8 жылдан кейінгі жеңісі болатын. Осыған орай Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда командаға құрмет көрсетілді.

Қостанайда «Тобыл» футбол командасына құрмет көрсетілді

Адымен Қостанай қаласындағы орталық стадионда «Тобылдың» «Қызыл жар» командасымен кездесуі өтті. Әрине, ауа райы футболшыларды да, жанкүйерлерді де ерткелете қойған жоқ. Олар қара күздің қақаған суығында кезекті кездесуін өткізді, жанкүйерлер футбол қызығын тамашалады. «Тобыл» қызылжарлықтардың қақпасына үш доп салып, тоңып отырған жанкүйерелерін «жылытып» жібергендей болды. Айтпақшы үшінші допты команда капитаны, елімізге белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев салды. Бұл Нұрболдың биылғы ғана емес, жалпы өзінің футбол мансабындағы соңғы жеңіс добы болып саналады. Ол мансабын бүгінгі ойынмен аяқтады.

«Тобылға» арналған салтанатта облыс әкімі Архимед Мұхамбетов футболшылар мен жанкүйерлерді биылғы жеңісімен құттықтады.

«Бұл көптен күткен қуаныш еді. Ол үлкен еңбектің арқасында мүмкін болды. Алдымен футболшыларға рахмет айтамын, сосын бұрынғы, бүгінгі жаттықтырушыларға, қазіргі бас жаттықтырушы Марек Зубаға алғысым шексіз. Олардың тынымсыз еңбегінің, үш айғы жаттығудың, ұзақ ұшу сапарларының қайтарымы болды. Әкімшілік тарапынан да футболға жасап отырған жағдайды жанкүйерлер көріп отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын стадион күтімсіз, стандартқа сай келмейтін. Футболшылар тұратын орын да жақсартуды талап ететін. Инфрақұрылымсыз ешқандай табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан біз алғашқы жылдан-ақ қаржыны инфрақұрылымды жақсартуға жұмсадық, бәрін орнына келтірдік. Бүгін орталық стадион толық жөндеуден өткізілді, УЕФА-ның барлық стандарттарына сай келеді. Затобол кентіндегі, Арқалық, Рудный қалаларындағы  стадиондар жаңа талаппен қалыпқа келтірілді. Рудный қаласында тұтас спорт кешенінінің құрылысы жүріп жатыр, онда да футбол алаңдары бар. Футбол академиясы жасалды. Осындай жұмыстар жалғасып жатыр» деді Архимед Бегежанұлы.

Қазақстан футболының аңызы, бүгінгі Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейділда Байшақов «Тобыл» командасының мүшелеріне қола медаль тапсырды. Салтанатта команда капитаны, атақты футболшы Нұрбол Жұмасқалиев жанкүйерлері мен әріптестерін команда жеңісімен құттықтады, сонымен қатар өзінің футбол мансабын аяқтағанын хабарлады.

Футбол салтанаты эстрада жұлдыздарының әнімен өрнектелді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазқстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20