Әлем • 12 Қараша, 2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

83 реткөрсетілді

Калифорниядағы орман өрттерінің салдарынан қаза болғандардың саны 25 адамға жетіп, 250 мыңнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды BBC.

Қазіргі уақытта Калифорнияда үш ірі өрт болып жатыр, олардың бірі - Солтүстік Калифорнияда - штат тарихындағы ең ірі және жойқын өрт болды. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, ол 42 мың гектардан астам жерге тарады. Осы өртте 25 адамның 23-і қаза тапты. Ол Парадайс қаласын толығымен жойып, сенбі күнгі мәліметтер бойынша, оның төңірегіндегі жеті мыңға жуық құрылыстарды жойды.

Оңтүстік Калифорнияда тағы екі өрт шықты. Олар Лос-Анджелес ауданы мен Вентура аймағына жетті. Өрт Тынық мұхитқа қарай тарайды және жағалаудағы аудандарға қауіп төндіреді, соның ішінде танымал калифорниялық Малибу курортына. Штатта төтенше жағдай режимі жарияланды. Өрт сөндірушілердің болжамы бойынша, өрттің таралуын толық бақылауға алу үшін оларға шамамен үш апта қажет болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар