Қазақстан • 12 Қараша, 2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ару Miss Asia 2018 халықаралық сұлулық байқауында Miss Asia Global титулын жеңіп алды. 

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

Халықаралық байқау Үндістанның Кочин қаласында 2-10 қараша аралығында өтті.

«Miss Asia Global Қазақстан 2018» өңірлік конкурсының жеңімпазы атанған жерлесіміз -  Әсем Есенгелдиев «Ең әдемі шаш» деген аталымда да жеңімпаз атанды. 

Биыл байқауға «Miss Asia» тәжі үшін әлемнің 25 елінің сұлулары қатысып жатыр. «Miss Asia» - ең танымал халықаралық конкурстардың бірі. Ол 1968 жылдан бері өтіп келеді. Байқау Еуропа мен Азия арасындағы көпір іспеттес.

Әсем халықаралық конкурстың титулынан бөлек ұйымдастырушылардан ақшалай сертификат алды. Miss Asia Global титулының иегері шұғыл операцияға мұқтаж жергілікті балаларға көмектесіп, сыйлығымен бөлісуді жөн деп тапқан.