Парижде Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының ғасырлық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Оған АҚШ, Ресей, Франция президенттері мен Германия канцлері қатысты. Іс-шара кезіндегі түскі ас уақытында көшбасшылар бірқатар мәселелерді талқылады.
«Бүгін ланч кезінде Трамп Путин, Макрон және Меркельмен, сондай-ақ басқа да көптеген әлемдік көшбасшылармен бірге отырды. Олар бірқатар тақырыптарды, соның ішінде орташа және аз қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шартты, Сирия мен Сауд Арабиясындағы жағдайды, сауда мәселесі,санкция, Ауғанстан, Қытай мен Солтүстік Корея сияқты тақырыптарды талқылады», деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.