Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

206 реткөрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей Федерациясының Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» XV халықаралық ынтымақтастық форумы барысында меморандумға қол қойды. Екі ел басшылары қатысқан шара Петропавлда өтті.

Ақтөбе облысының Ресей федерациясымен арадағы ішкі тауар айналымы  2018 жылдың қаңтар-тамыз ай     лары ішінде 804,3 мың АҚШ долларын, соның ішінде экспорт – 373 мың АҚШ долларын құрады. Экспорттың негізгі үлесі хром, мыс және мырыш рудалары мен концентраттарына, мұнай өнімдеріне тиесілі. Сондай-ақ, экспортқа құбыр өнімі, сүймен мен қара металл және басқа да тауарлар кіреді.

Аумағында «Магнитагорск металлургия комбинаты» КАҚ,  «ММК-МЕТИЗ» Магнитагорск метбұйым-калибрлеу зауыты, «Челябі мырыш зауыты» КАҚ және т.б. сынды ірі кәсіпорындар жұмыс жасайтын Челябі облысы ақтөбелік тарап үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қазіргі таңда өңірдің кәсіпорындарымен 11 ақтөбелік компания тығыз жұмыс жасайды. Бұл өзара қарым-қатынас пен экономикалық байланысты  кеңейту үшін үлкен әлеует барын дәлелдейді.

Келісімдер аясында тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуде өзара әрекет етуге, өңірлердің бизнесін, өндірістік-шаруашылық кооперацияны дамытуда көмектесуге келісті.

Өңір басшылары сондай-ақ, өздерінің өкілеттіктері аясында бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін күш біріктіруді, тараптар өкілдерінің ресми және жұмыс бабымен кездесулері аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен алмасуды, іскерлік тапсырмалар, көрмелер ұйымдастыруды және инвестициялық әлеуетті таныстыруды жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау және білім беру, туризм салаларындағы білімдерімен және тәжірибелерімен алмасудағы бірлескен жұмыстар жоспарланған.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар