Әлем • 12 Қараша, 2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

34 реткөрсетілді

19 қараша күні Англия астанасы - Лондонда өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне ақтөбелік оқушы қыз қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«DQ» атты жаңа шоу Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында өтеді. Концертті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігі қолдау көрсетті.

Биыл жазда Ақтөбе қаласында балалар байқауы өткен болатын. Оған Димаш Құдайберген қонақ және тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан. Ол арнайы жүлдені 13 жасар ақтөбелік әнші Наргиз Жанұзақоваға табыстады. Жас қыз өз әнін төрт жыл бұрын дүниеден өткен әкесіне арнаған еді. Димаштың сөзі бойынша таңдау жасау оңайға соқпады және ол қатысушылардың өнеріне тәнті болды. Димаштың әлемдік турне аясындағы жеке концерттерінің біріне қатысу мүмкіндігі дәл осы Наргизға бұйырды.

Орындаушы өз уәдесінде тұрды. 19 қарашада Лондонда Наргиз Жанұзақова «Indigo at the O2» концерт залының сахнасында «Астана - елімнің жүрегі» әнін орындайды. Осылайша бұл Қазақстанның жас таланттарын қолдау мен дамытуға қосқан тағы бір үлесі болмақ.

Еске сала кетсек, бұл кеш ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жас таланттарды қолдау бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. 10 жыл ішінде бағдарлама 1000-нан астам жас дарынның халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуына септігін тигізді. Бағдарламаға шығармашылықтың әртүрлі саласының өкілдері қатыса алады: суретшілер, модельдер, сәнгерлер, әншілер, музыканттар.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар