Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

184 реткөрсетілді

Қайырымдылық кешінен түскен 2 миллионға жуық қаражат «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне табысталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тұңғыш рет Атырау қаласында Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жастар таңдауы – Атырау» ҚБ ұйымдастыруымен қайырымдылық балы жоғарғы деңгейде өтті.

- Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған осынау шараның негізгі мақсаты -  Атырау жастарының өңіріміздің жастарының мәдениетке деген, өнерге деген құлшынысын арттыру болса, екінші мақсаты - жақсылық жасау арқылы жақсылық жасаған адам мен мұқтаж адамдардың жүректеріне жақсылық жылуын ұялату. Барлықтарыңыздың бірауыздан қолдап келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз, - деді өз сөзінде облыстық жастар мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

«1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балына қатысқан  18-29  аралығындағы 150 жас дебютант бір ай көлемінде полонезь, кадриль, полька, казақ вальсі билерін үйреніп,  балда өз өнерлерін көрсетті.

Сондай – ақ, бал дебютанттары және эстрада жұлдыздары бірқатар қайырымдылық шараларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, «Шаңырақ»  балалар үйі және қарттар үйінде концерттік бағдарламаларын ұсынып,  «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында 100  отбасыға көмек көрсетті.

Ұйымдастырушылар қайырымдылық гранд балынан жиналған 2 миллионға жуық қаражатты толықтай Ерлан Күмісқалиевтің «Атырау. Маленькая  страна» қоғамдық бірлестігіне табыстады.

- Біздің мақсатымыз -  шағын мемлекетіміздегі балаларымызды үлкен мемлекетке жеткізу.  Балдан түскен қаражатты  әлемдегі үшінші ерекше балаларға арналған қалашық ашуға жұмсамақпын. Мұндай қалашық Ұлыбритания және Ресей мемлекеттерінде бар. Үшіншісін, Қазақстанымызда, Атырау қаласында келер жылы көктемде ашу жоспарлануда. Шараны ұйымдастырған  Алпамыс Шаримов бастаған ұжымға,  сондай-ақ осы шараға ат салысып, өнерлерін көрсетіп, қайырымдылық жасаған барша жанға алғысым шексіз,- дейді қоғамдық қор жетекшісі Ерлан Күмісқалиев.

Айта кетейік, дебютанттар арасында  кештің ханзадасы мен ханшайымы анықталып, олар Астанада өтетін республикалық VIII гранд балға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар