Қазақстан • 13 Қараша, 2018

Төл теңгеміз – тәуелсіздік тірегі

390 реткөрсетілді

Алматы музейінде еліміздің ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйым­­дастыруымен «Қазақстан аумағындағы ақша айналымы: көне заманнан бүгінге дейін» атты тарихи-құжаттық көрмесі ашылды.

Көрмеде Президент Архиві­нің қорында сақталған теңгені айналымға енгізу бойынша­ дайындық шараларына қа­тыс­т­ы құжаттар, Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлықтары, ұлттық валютаны айналымға енгізу бойынша Мемлекеттік ко­миссия мәжілісінің хаттамалары, осы мәселе бойынша азаматтардың хаттары, Ел­ба­сының естеліктері және тағы басқа бірегей құжаттар тұң­ғыш рет көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар көрме экспозициясын Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұсынған Қазақстан жерінде орта ғасыр­лардан бастап айналыста болған тиын-монеталар мен өзге де ақша үлгілері толықтырды.

Осы айтулы мереке қар­са­ңында ұйымдастырылған ша­раға аталған мекеме басшыларымен қатар, Алматы қа­ласы Мә­дениет және архивтер бас­қар­масының өкілдері, Алматы қаласында орналасқан Орталық мем­лекеттік архивтердің бас­шы­лары, қаржы және банк сала­сының қызметкерлері, тең­генің алғашқы авторларының бірі Хайролла Ғабжалилов, Ұлт­тық банк төрағасының орын­ба­­сары қызметін атқарған Ер­лен Жан­гель­дин және қоғам қай­рат­керлері қатысты.

Президент Архивінің ди­рек­­торы Жәмила Әбдіқадырова ұлттық валютамызды айналымға енгізу тәуелсіз Қазақстанның жыл­намасындағы ең маңызды оқи­ғалардың бірі екендігіне назар аударды.

– Бұл еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеу­меттік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда бол­ға­лы жүргізіліп келе жат­қан мем­­­лекеттің тізбекті қар­­жы­лық саясатының арқасын­да елі­­мізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұр­ғы­дан тұрақталып, біртіндеп қа­лыптаса бастады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы сая­­сатының нәтижесінде өзі­міздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен эконо­микалық табыстарымыздың не­гізін қалады, – деп атап өтті Ж.Әбдіқадырова.

Сонымен қатар шара барысында теңгенің 25 жылдық ме­рейтойының қарсаңында Пре­­­зидент Архиві дайындаған «Ұлт­­тық валюта тарихынан» ат­­­ты құжаттар және материал­дар жинағының тұсаукесері өт­ті. Жинаққа КСРО-ның құл­­­ды­­­рауынан кейінгі ТМД ел­де­рін­дегі, оның ішіндегі Қазақ­стандағы қаржы саласының қиын­шылықтары, сом аймағының жойылу себептері, ұлттық валю­таны дайындау мен енгізудің ұйым­дастырылуы, тәуелсіз Қа­зақ­станның ақша-қаржы жүйе­сінің дамуын баяндайтын Пре­зидент Архиві қорларындағы біре­гей құжаттар, аталған тақы­рыпта бұқаралық ақпарат құрал­дарында жарияланған материалдар мен Елбасының естеліктері енгізілген.

Мұхаммед ЖЫЛГЕЛДИНОВ,

Қазақстан Республикасы Президент Архивінің директорының көмекшісі,

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар