Қазақстандық әскери қызметші, подполковник Е.Жортанов бір жыл бойы Африка елінде болды. Осы уақытта ол сондағы бір әскери бақылаушылар базасында қызмет атқарып сол базаның командирі болып тағайындалды.
«Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатыса отырып, мен пайдалы тәжірибе жинақтадым және алған біліміммен бөлісуге дайынмын. Батыс Сахарадағы миссияға қатысқан бұрынғы офицерлер өздерін кәсіби және тәжірибелі мамандар ретінде көрсете білді», дейді ол.
Миссияда әскери бақылаушылар белгілі бір тапсырмаларды орындайды: тыныштықтың сақталуын қадағалайды, бөлінген жауапкершілік аумағын бақылайды. Қазіргі уақытта Батыс Сахарада және Ливанда Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына әскери бақылаушы және әскери контингент ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері де қатысуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекшісі біздің әскери қызметшілердің кәсібилігіне жоғары баға беріп, Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясы басшылығының медалдары, Алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапаттапты.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы