Бұл ақпаратты ең бірінші болып елге жеткізген «Егемен Қазақстан» еді. Сонымен қатар 91 килода Азия ойындарының жеңімпазы атанған Антон Пинчук та спорттық ғұмырын аяқтағанын айтты.
Қазақ футболының қазіргі уақыттағы үздік шабуылшысы (167 гол), аңызға айналған футболшысы Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл») пен футбол әлеміне кеңінен танымал болған ресейлік Андрей Аршавин де («Қайрат») карьерасын аяқтады. Сондай-ақ қазақстандық дзюдошылар Максим Раков пен Азамат Мұқанов та татамимен қоштасатындарын мәлімдеді. Раковтың спорттық ғұмырындағы ең үздік нәтижесі әлем және Азия чемпионы атанғаны болса, Мұқанов үшін әлем чемпионатының күміс жүлдесі ең үздік көрсеткіш саналады. Сонымен қатар Азамат 2010 жылы самбо спортынан әлем чемпионы атанған.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»