Қоғам • 15 Қараша, 2018

Солтүстік Қазақстанда вандализм әрекеттері азаяр емес

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық ішкі істер басқармасы келтірген мәліметтер бойынша Петропавлда аялдама павильондарын, жарық шамдары мен жарнамалық тақталарды қиратудың 30 фактісі тіркелген.

Солтүстік Қазақстанда вандализм әрекеттері азаяр емес

44 жастағы қала тұрғыны аялдаманы сындырғаны үшін 12 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келген. Оған қоса сот шешімімен павильонды қалпына  келтіру жұмыстарына кеткен шығынды да өтейді. Полицейлер құқықбұзушыны бірден құрықтаған.

Жамбыл көшесі бойында орналасқан билборды қиратқан бұзақылар да ұсталды. Жарнама нысанын жолда кетіп бара жатқан көлік  қасақана соғып кеткен.Тәртіп сақшылары «ақылды» орындықтардың бірін сындырмақ болған тұлғаны да құрықтады ұстады.

Петропавл қалалық жергілікті полиция басшысының орынбасары Шамшиден Ақышевтың айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер ұсақ бұзақылық саналғанымен, еш төзуге болмайды. Қай-қайсысы болсын заң  аясында  тиісті  жазаларын алады.  Шығын олардың есебінен қалпына келтіріледі.

Тек аялдамаларды сындыру бойынша ғана  13 оқиға тіркелген. Мемлекет мүлкін қасақана қиратқандар Қылмыстық Кодекстің 293 бабы бойынша жазаға тартылады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы