Жасы отызға да толмаған жас кәсіпкер Нұрболат Қарабасовтың өмірін қайсарлықтың, өмірге деген құштарлықтың ерен үлгісі дер едік.

Біздің кейіпкеріміз 1989 жылы туған қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы. Мектепті тезірек бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, ата-анама қолғабыс етсем, биік белестерді бағындырсам деген асқақ армандардың жетегінде жүрген бозбаланың өмірі аяқ астынан күрт өзгеретінін кім білген?!
Ол 2006 жылдың 14 ақпанында көлік апатына ұшырап, мүгедектер арбасына таңылды. Алаңсыз албырт жастықтың тәтті кездерін енді көре бастаған шағында бұл оқиға оған үлкен соққы болды. Кеуде омыртқасының жұлын жарақатының салдарынан денесінің төменгі жағының толық парализациясы диагнозы қойылып, Нұрболат бірінші топтағы мүгедектер қатарына қосылды. Ол қайғылы жағдайға ұшырағанда небәрі 16 жаста еді. Дәрігерлер қойған ауыр диагноз, арбаға таңылған тағдыр... Барлық қуанышты күндері көзінен бұлбұл ұшып, көз алдын тек қара түнек басқандай. Тепсе темір үзетін кезінде мүгедектер арбасында отыру ауыр тиді, үйден шыға алмай, төрт қабырға ішінде мәнсіз 6 жыл өмірін өткізген.
Нұрболат Берікбайұлы 2015 жылы Талдықорған қаласында «Асар» оңалту орталығының ашылғанын кездейсоқ естіді. Сөйтіп қайтсем де еңсемді көтеруім керек деп, осы орталыққа баруға шешім қабылдаған. Осылайша арман жетегіне еріп, Жетісу өңіріне барды. Әрине бөтен қалаға үйрену жалғыз өзіне қиын соққаны рас. Алайда, табиғатынан ақкөңіл, өзгелермен тез тіл табысатын қасиетінің арқасында жаңа ортада көп достар тапты. 10 жыл арбаға таңылғаннан кейін алдымен еңбектеп үйреніп, кейін лангет арқылы аяғымен тұра бастады. Оңалту орталығында жүріп қол қусырып отырған жоқ. Қосымша жұмыстарға атсалысты, қаланың түрлі қоғамдық іс-шараларына қатысып, өз азаматтық позициясын білдіріп, белсенділік танытып жүреді. Қанша қиындықты басынан өткізсе де, бұл өңірге келгеніне еш өкінген емес.
«Тас түскен жеріне ауыр» демекші, Нұрболат үшін күнделікті қоларбамен жалғыз жүру қиын болғандықтан, ол өзі сияқты жандарға қала ішінде өздігінен жүріп-тұруға, тəуелсіз сезінуіне көмектесу керек деген ойға келеді. «Ерлік» қоғамдық бірлестігінде диспетчердің көмекшісі, одан кейін «Автоволонтерлер» жобасында диспетчер болып жұмыс істеді.
2017 жылы Нұрболат Zhasproject жобасы жайында естиді. Оның көкейінде көптен бері жүрген бір идея – мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік жасау еді. Осы мақсатына қол жеткізу үшін бизнес жоба жасап, жаңа жобаға қатысу туралы шешім қабылдады. Қайсарлығы мен еңбекқорлығының арқасында жоба жеңімпазы атанып, «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасы Үйлестіру агенттігі тарапынан қажетті қаржыға қол жеткізді, ойдағы арманын іске асыруға кірісті. Ол бұл қаржыға Қытайдан 4 электр қондырғысын сатып алады.
– Бүгінгі таңда 50-ден астам электромобиль мүгедек жандарға еркін қатынасу мүмкіндігін беріп отыр, демек мен олардың 10 мың шақырым жолды қиналмай бағындыруына мүмкіндік туғыздым деген сөз. Әдетте, қарапайым қоларбамен адамдар күніне 5-6 шақырым жүретінін ескерсек, күніне 30 шақырымды сағатына 22 шақырым жылдамдықпен жүрудің қандай жетістік екенін білсеңіздер ғой! Электрлі жетек, яғни электромобиль бізге бұрын мүмкін болмаған кедергілерді бағындыруға жол ашты. Бірақ ең маңыздысы жылдамдық емес, біз сияқты арбаға таңылған жандардың төрт бөлменің ортасында қамалып отырмай, далаға өз бетінше шығып серуендеп жүруі. Өзге қатарластары сынды қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болудың өзі бір бақыт. Біз де қоғамның толық мүшесі ретінде жұмысқа араласып, еліміздің болашағы үшін еңбек еткіміз келеді. Ұлы Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқанындай, мен де өз еңбегім арқылы қоғамның дамуына үлесімді қоссам деймін» деп ойымен бөлісті Нұрболат Қарабасов. Нұрболаттың алдағы мақсаты − жобаны еліміздің барлық қалаларында іске асырып, қоларба қолданушыларға жолдағы кедергілерді жою және тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
Нұрболаттың жүрегінде үміт отын жағып, оның өмірге қайта оралуына, қоғамның бір мүшесіне айналуына себеп болған «Zhasproject» жобасына қысқаша тоқталып кетейік. Аталған жастар корпусын дамыту жобасы – Халықаралық қайта құру және даму банкінің және Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Үйлестіру агенттігі жобаны 2017-2020 жылдар аралығында жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Өткен жылдары еліміздің 4 аймағын Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарын қамтыған жоба 589 жобаға қаржы алыпты. Осылайша
2 мыңға тарта жас азамат өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алған. Биылдың өзінде «Zhasproject» Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мыңнан астам жастың кеудесінде үміт отын жақты. Нұрболат Қарабасов сынды тағдырдан соққы алса да өмірге деген құштарлығы көпшілікке үлгі болатын жастарды қолдайтын жобалар көп болса дейсің мұндайда.
Аслан ҚАНҒОЖИН,
журналист
Сыйақы қоры – бес миллиард теңге
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Dimash Kudaibergen is recognized at home by state award
Қоғам • Бүгін, 16:12
Маңғыстаулық полицейлер Түпқараған ауданында болды
Аймақтар • Бүгін, 16:03
Маңғыстаулық еріктілер әлеуметтік көмектер көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
Руханият • Бүгін, 15:44
Қазақстан • Бүгін, 15:41
Бұл шара – біздің Тәуелсіздік күніне тартуымыз
Қазақстан • Бүгін, 15:35
Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады
Қазақстан • Бүгін, 15:31
Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды
Үкімет • Бүгін, 15:28
Алматының Бас құжатының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Көксу ауданының дәрігерлері көне ғимараттарда қызмет көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:14
Қостанайда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Алматы облысында тұрғыны аз ауылдың ауруханасы оңтайланбақ
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Жансейіт Түймебаев «Egemen Qazaqstan» газетінің журналистерін марапаттады
Руханият • Бүгін, 13:05
Д.Назарбаева Мал шаруашылығы және ет-сүт кешенінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:56
Д. Назарбаева астық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:51
Елордада ÁMEN анимациялық кинофестивалінің тұсаукесері өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Елордада мереке күндері қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 12:43
Бүгін «Мастерс» турнирі басталады
Күрес • Бүгін, 12:38
Алматыда «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы» тақырыбында семинар өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Цифрлы қоғамның қаламгерлерінің атына ашылған веб-сайттың сертификаты табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:11
Алматының үздік боксшылары анықталды
Бокс • Бүгін, 12:02
«Өрлеуде» конкурс жеңімпаздары марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 11:52
ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Бокс: Жарыс жеңімпаздарына спорт шебері атағы берілсе игі
Бокс • Бүгін, 11:40
Діни рәсімдердің өз тәртібі бар
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Руханият • Бүгін, 11:08
Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент • Бүгін, 11:07
Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
Үкімет • Бүгін, 11:01
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді
Әлем • Бүгін, 10:53
Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Орталық музейде «Алтын орда - қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:34
Алматыда зорлық-зомбылық экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 10:19
Алматыда «Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Футбол: Чемпиондар лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды
Футбол • Бүгін, 10:06
Халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің үйіне ескерткіш тақта қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Кәсіпқой бокс: Алматыда кімдер жұдырықтасады?
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:50
Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады?
Парламент • Бүгін, 09:30
А. Мамин Лондон қаласына жұмыс сапарымен барды
Үкімет • Бүгін, 09:26
Алматы облысында субсидия алмаған шаруа 3 жылдан бері әділдік іздеп жүр
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22
Жылдың қорытынды турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 07:17
«Алтын сақа» үздіктері анықталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15
Руханият • Бүгін, 07:09
Қоғам • Бүгін, 07:04
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Қоғам • Бүгін, 07:02
Руханият • Бүгін, 06:59
Аймақтар • Бүгін, 06:56
Елордада Сирияның болашағы талқыланды
Саясат • Бүгін, 06:50
Қоғам • Бүгін, 06:47
Қоғам • Бүгін, 06:43
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы басталды
Руханият • Бүгін, 06:42
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 06:39
Жымысқы жолмен кірістерді жылыстату қатаң қадағаланады
Парламент • Бүгін, 06:35
Президент • Бүгін, 06:27
Қоныс аударушыларды қолдау деңгейі қандай?
Қоғам • Бүгін, 06:26
Президент «Егемен» көтерген мәселе бойынша тапсырма берді
Президент • Кеше
Алматы облысында ит талаған бала көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты
Экономика • Кеше
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды
Экономика • Кеше
Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті
Экономика • Кеше
Мәжіліс көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
Қоғам • Кеше
Алматыда мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Атыраулық оқушы еріктілерге арналған мобильді қолданба ойлап тапты
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар