Кеншілер астанасында биылғы жылдың алғашқы «Ауыл − береке» жәрмеңкесі өтіп, қала тұрғындары нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағаға азық-түлік өнімдерін сатып алды. Бұл жолы жалпы көлемі 500 тоннадан астам ет пен сүт өнімдері, көкөністің бірнеше түрі саудаға түскен болатын.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін сауда нүктелері орналасқан жерге жергілікті билік өкілдері арнайы автобустар ұйымдастырды. Са-уда орындарын жалға алу тегін болғандықтан, тауарлар төмендетілген бағамен сатылды.
Жәрмеңке ойын-сауықсыз өткен бе?! Осакаров ауданынан келген қонақтар жайма базар төрінде «Бауырсақ-шоу» ұйымдастырды. Бахаршы қауым үйде пісірілген бауырсақтан дәм татты. Ал сөрелердің маңында орналасқан сахнада өңірдің өнерпаздары шағын концерт қойып, жәрмеңке көрігін қыздырды.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ