Грек-рим күресінің шеберлері екі қола медаль иеленген болатын. Жігіттердің ізін ала қыздарымыз да үштікке енді.
55 келі салмақтағы Марина Седнева мен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол жеткізді.
Седнева ресейлік Марина Симонянді 9:0 есебімен жеңсе, Еркебаева румыниялық Каталина Аксентеннен басым түсті.
72 келідегі Жәмила Бақбергенова бүгін үшінші орынға таласады.