21 Қаңтар, 2012

Мөлдір Лондонға жолдама алды

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мөлдір Лондонға жолдама алды

Төрт жылда бір рет келетін Олимпия ойындары спорт падишасы саналады. Еркін күрестен әлемде алты рет алдына жан салмаған дағыстандық балуан Әли Әлиев кезінде “осы бар алтындарымды бір Олимпиада медалі­нің бодауына ойланбай-ақ берер едім” деген екен.

Мәселен, Атланта Олимпиадасында көпсайыстан Қазақстан қоржынына күн көзін шағылыстырып алтын салған Александр Парыгин: “Қазақстанда жаттығуға ыңғайлы спорт алаңдары жоқ, сондықтан келесі Олимпиадаға шет елдерде дайындаламын. Қаржысын уақытында төлеуді ұмытпаңдар”, деп паңсыған болатын. Төрт жыл әлемнің таңдаулы спорт ареналарында армансыз жаттыққан сол Парыгин Сиднейде олжа салмақ түгілі, жолдамасына ие бола алмады.
Ал, жақында Лондон қаласында спорттық гимнастикадан өткен халық­ара­лық жарыста шымкенттік Мөлдір Әзімбай осы қалада өтетін Олимпия ойындарына берілетін жолдаманы жан қалтасына салды. Сымға тартқандай сұлу қызымыз – атақты Нелли Кимнен кейін араға 32 жыл салып барып жол­дама алған шымкенттік спортшы. Бекзада Бекзат Сиднейге жолдама алғанда құ­рама бапкерлерінің “әлі жас қой, бір-екі кездесуді жеңсе қанағат” дегенін есті­генбіз. Баһадүр атанып қайтты. “Жақсы сөз – жарым ырыс” деген халықпыз ғой. Бәлкім, Мөлдірдің де тұманды Альбион елінде жолы оңғарылар.

Бақтияр ТАЙЖАН