Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

369 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пошта операторы 2018 жылдың басында «Қазпошта қызметтерін үшінші тұлғалар арқылы көрсету үшін франчайзинг моделін енгізу» жобасын бастаған болатын. Жобаның басты мақсаты – халқымызды қолжетімді жерден пошта қызметтерімен қамту, деп хабарлайды Қазпоштаның баспасөз қызметі. 

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

Қазір пошта қызметтерін шағын және орта бизнес арқылы көрсету серіктестік бағдарламасы Қазақстанның барлық жерінде жұмыс істейді. Компания жеке бизнеспен айналысатын жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастық арқылы өз желісін кеңейтуде.

Енді пошта бөлімшелеріне бармай-ақ сәлемдемелерді алуға немесе жіберуге, әуе және теміржол билеттерін сатып алуға, коммуналдық төлемдерді және салықтарды төлеуге болады. Кәсіпкерлер дүкендерінде, жанар-жағармай құю станцияларында және басқа да жерлерде Қазпоштаның қызметтерін көрсетіп, сонымен қатар өз тауарларын сата алады.

«Біз франчайзер - серіктестерімізге дайын бағдарламаны ұсынамыз, қызметкерлерін үйретіп, ұйымдастырушылық және маркетингтік,  сондай-ақ көліктік-логистикалық сүйемелдеу жұмыстарын көрсетеміз. Мұндай серіктестіктің арқасында шағын және орта бизнестер табыс табуда, ал Қазпошта өз желісін кеңейтуде»,  деді «Қазпоштаның»  коммерциялық департаментінің директоры Замира Жұмағұл.

Бүгінгі күні Қазақстанның барлық қалаларында Қазпоштаның 111 франчайзер-серіктестері  жұмысын атқарады.

Анықтама:

Франчайзинг – белгілі бір компания келісімшарттық қатынас арқылы белгілі бір адамға, компанияға немесе ұйымға өзінің атауын, оның беделін, өнімдері мен қызметтерін, маркетингтік технологияларды, сараптаманы және қолдау механизмдерін пайдалану құқығын беретін бизнес-ұйым үлгісі.

Франчайзингтік түрде көрсетілетін пошта қызметтері  Швейцарияда, Үндістанда, Австралияда, Канадада және басқа елдерде кеңінен тараған. Ең жарқын мысалдар - Ұлыбритания мен Германияның пошта бөлімшесі. Royal Mail -дың11 600 филиалы болса, оның 300-і ғана компанияға тиесілі, ал Deutsche Post-тың бір ғана пошта бөлімшесі бар, қалғандары классикалық франчайзинг моделі бойынша жұмыс істейді. Осы пошталардың тәжірибесін Қазпошта да өз жұмысында қолданды.

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше