28 Қаңтар, 2012

Допты хоккей додасы

802 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Допты хоккей додасы

Ертең Алматыда допты хоккейден әлем чемпионаты басталады

Соңғы кездері Алматы да басқа елдердің әйгілі қалалары сияқты үлкен халықаралық жарыстардың орталы­ғына айналып отыр­ған­дай. Былтыр Қысқы Азия ойындарының басым бө­лігі өткен ару Алматыда тағы бірнеше бай­­рақты додалар ұйымдастырыл­ға­нын біле­міз. Солардың бірі – жақында ғана Балуан Шолақ атындағы спорт және мә­дениет сарайында дзю­до күресінен өткен «Әлем ше­­­бер­лері» атты ғаламат белдесулер.

Соңғы кездері Алматы да басқа елдердің әйгілі қалалары сияқты үлкен халықаралық жарыстардың орталы­ғына айналып отыр­ған­дай. Былтыр Қысқы Азия ойындарының басым бө­лігі өткен ару Алматыда тағы бірнеше бай­­рақты додалар ұйымдастырыл­ға­нын біле­міз. Солардың бірі – жақында ғана Балуан Шолақ атындағы спорт және мә­дениет сарайында дзю­до күресінен өткен «Әлем ше­­­бер­лері» атты ғаламат белдесулер. Алматыға бір мезгілде 9 олим­пиада, 19 әлем чемпионы, та­ғы бірнеше Олимпиада және әлем чемпио­нат­та­ры­ның жүл­­­­­де­­­­гер­ле­рі қатысқан белдесулерде біздің қыз-жі­­­гіт­терімізден Максим Раков алтын, ал Гүл­­жан Исанова қола жүлдені жеңіп алған болатын.
Енді, міне, Алматыда тағы бір үлкен до­даның жалауы желбірегелі тұр. Бұл – рекордтар ұс­та­ханасы атанған, Іле Алатауы­ның қой­­­­­­науында ор­ын тепкен бүкіл қазақ­стан­дық­­­тар­дың мақтаны­шы, атақты «Медеу» мұз айдынында өтетін допты хоккейден әлем чемпионаты. Қазақ топы­ра­ғында алғаш рет өткізіл­гелі отырған чемпио­нат­тың ашылу сал­танаты 29 қаңтарда өтіп, ойындар 5 ақ­панға дейін жалғасатын болады.
Осы байрақты бәсекелерге әлемнің 14 елі­­нің ұлттық құрамалары қатысатыны нақт­ы­­­ланған. Олардың арасында Қазақстан, Финляндия, Швеция, Норвегия, АҚШ, Ресей си­яқты елдердің командалары бар. Бұл елдер­дің бәрі жоғары дивизионда әлем чемпионы атағын са­рапқа салса, «В» тобын­да­ғы Беларусь, Канада, Голландия, Венгрия, Латвия командалары жо­­ғары дивизионға жолдама алу үшін күш сынасады. Ал «С» тобындағы Эстония, Украина, Жа­пония мен Литва өзара үздіктерді анықтайды.
Осы үш топқа бөлінген елдердің ойындары мы­на жерлерде өт­кізіледі. Яғни, «А» то­­­бындағы құрамалар «Медеу» мұз айдынын­да бақ сынасса, қалған екі топтың командалары ойындарын Орта­лық стадион­ның жа­нын­­­дағы қосалқы алаңда өткізеді.
Жалпы, Алматыда допты хоккейден әлем чемпионатын өткізу ту­­­­­ралы шешім был­тыр­ғы Қысқы Азия ойындары кезінде қа­был­данған бо­латын. Жақында Ха­­­лық­­­ара­лық допты хоккей қау­ымдас­тығының пре­­­­­зи­­ден­ті Борис Скрын­ник Алматыға келіп, «Медеу­дің» әлем чемпио­натын еш қиын­дықсыз, жо­ға­ры дең­гей­де өткізетініне тағы бір көз жет­кізіп кетті. Сол кезде Алматыға допты хок­кей­дің мық­­тылары саналатын Ресей мен Шве­ция құрамалары да келіп, мұз айды­ны­ның сапасын байқап көрді. Сөйтіп, халық­ара­лық қауым­дастықтың жауапты лауазым иелері «Медеуде» әлем чемпионатын өткізуге рұқсатын берді.
Алдағы жексенбіде Алматыда басталатын чем­пионаттың өзіне тоқталсақ, бұл саны жа­ғы­нан ең көп елдер қатысатын әлем чемпионаты болғалы отыр. Мұның алдында, 2009 жылы Швецияда өткен додаға 13 елдің өкіл­дері қа­тысқан болатын. Ал Қазақстанда өте­тін чем­пио­натқа 14 елдің құрамасы қатыспақ.
Әлем чемпионаты жарыс ережесіне сәй­кес 3 топқа бөлінген командалардың ара­­сын­да олар­дың шеберлік деңгейіне қарай өткі­зіледі. Яғни, «А» тобында ең мықтылар, «В» тобында ортаң­қол командалар, ал «С» тобында доп­ты хоккейді дамытуды енді ғана қолға алған елдердің құ­ра­малары күш сынасады. Мұнда бірден айту керек, теледидардан тек «А» то­бындағы команда­лар­дың ойындарынан ғана репортаждар бері­ліп тұра­ды. Біздің жанкүйер­лер жарыс бас­талған күн­нен соңына дейін ұлттық құра­мамыздың ойындарын «Еларна» телеарнасы арқылы тамашалай алады. Қа­зақстан құрамасының Нор­вегия құрамасымен болатын алғашқы ойыны 29 қаңтар күні сағат кешкі 22:00-де көрсетіледі.
Әлем чемпионы атағынан үміткерлердің қата­рына Ресей, Швеция және Финляндияны жат­қы­зуға болады. Дегенмен, Ресей құрама­сы­ның бап­кер­лері командалардың деңгейін сөз жүзінде айту бір бөлек, мұз айдынында олар­мен айқасу бір бөлек деп санайды. Ал Норвегия, Швеция тарапы Қазақстан мен Ресей және Финляндиядан сеске­нетіндерін айтуда.
Қазақстан құрамасы негізінен Оралдың «Ақ­­­­жайық» командасынан жасақталған. Рас, ұлттық құрамада Ресейден келген ойыншылар да жоқ емес. Бірақ олардың бәрі көрші елдің бірін­ші­лігінде ойнап жүрсе де, Қазақ­­станның азамат­­­ты­ғын алған хоккей­ші­лер. Жалпы, Қазақстан құра­масы негізі­нен бұ­­рын­­­ғы ойыншылардан құралып отыр. Әлем чемпионаты өз елімізде өтетін­діктен, біздің бапкерлер Ресейден Қазақ­стан­ға қатысы бар біраз ойыншыларды алдыртты. Чемпионатты ұйымдас­тыру коми­тетінің өкі­лі Сұл­тан­бек Сыз­ды­қов­тың айтуынша, ұлттық құ­ра­маның бапкері өзгерген жоқ, бапкеріміз Қысқы Азиада алдында тағайын­далған Алексей Никишов.
Чемпионат өз елімізде өтетіндіктен, ал­ды­­­мыз­ға жүлделі орындардың бірінен көріну мақ­сатын қойып отырғанымызды да жасы­ру­­дың жөні жоқ. Ал бұған дейін еліміз құра­ма­сы екі мәрте қола медальға қол жеткізген болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН.