31 Қаңтар, 2012

Елбасы жүлдесін сарапқа салды

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы жүлдесін сарапқа салды

Өткен жек­сенбі күні Орал қаласында Қа­зақстан Пре­зи­­денті жүлдесі үшін самбо кү­ресінен және жау­ынгерлік сам­бодан әлем кубогы кезеңі мә­реге жетті. Әл­ем­дік аумақтағы осынау байрақты бәсекеге он жеті мемлекеттің командалары қатысты. Олар­дың арасында АҚШ, Германия, Ресей секілді алып елдердің өкілдері бар. Ерлер арасындағы күштілердің күштісін анықтау үшін 135 спортшы белдессе, әйелдер арасында 56 самбошы әлем кубогы кезеңі үшін шаршы алаңға шықты. Сонымен бірге, 33 спортшы жауынгерлік самбо бойынша бәсекеге түсті.

Әлемдік деңгейдегі жарқын да әсем ірі спорттық шараның Орал өңірінде өткізілуі тектен-тек деуге болмайды. Өйткені, мұнда спорттың дәл осы түрі бойынша тәлімді де өнегелі мектеп қалыптасып үлгерді. Мұ­ның өзі облыс самбо­шы­ла­рының қазақстандық деңгейде ғана емес, сонымен бірге, әлем­дік ауқымда да жоғары жетіс­тіктерге жетуіне әсерін тигізді. Атап айтқанда, әл­емдік самбо саң­лақтары қатарында Ақжайықтан шы­ғып, жеңіс туын жел­біреткен Асқар Шайхиев, Мүсілім Оңдағанов, Қоныс Жетпісов және Ерболат Байба­ты­ров­тың есімдерін ата­ған жөн.
Ауқымды спорт­­тық шараның құр­­­метті қонақтары қатарында республикалық, еу­ро­палық және әлемдік самбо федерацияларының президент­тері Шәкизат Әмзиев, Олег Аврамкин, Василий Шестаков жә­не Сергей Елисеевтің болуы сай­ыс мәртебесін көтере түске­ні анық.
Жарыс қорытындысында жүл­делі орындарды Қазақстан, Ресей және Грузия құрама командалары бөлісті. Әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша әлем кубогының иегерлері Болатбек Райымқұлов, Ерболат Бай­батыров және Бағдат Жа­рыл­ғасов болды. Жауынгерлік самбо бәсекесі нәтижелері бойынша Президент жүлдесін Медет Сағындықов, Талғат Кен­же­ғарин және Рустамбек Жереншиев жеңіп алды.
Темір ҚҰСАЙЫН.
Орал.
––––––––––––––
Суреттерде: әлем кубогы ке­зеңінен көріністер.
Суреттерді түсірген  Рафхат Халелов.