31 Қаңтар, 2012

Айдындағы алғашқы кездесулер

351 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Айдындағы алғашқы кездесулер

Жексенбі күні Алматыда допты хоккейден әлем чемпионаты басталды

Жексенбі күні түс ауа коман­далар өз топтарындағы ал­ғаш­қы ойындарын өткізді. «Медеу» мұз айдынында өт­кен алғаш­қы матчта Қазақстан құрама­сы Норвегия құрама­сы­мен кездесіп, 10:1 есебімен ұтты. Ұлттық құраманың жігіттері Норвегияға қарсы барын салмаса да мүмкін болған жағдайдың бәрін пайда­лануға ұмтылды. Команданың бас бапкері Александр Никишов та құраманы жасақтағанда Ресей клуб­та­рында ойнайтын отан­дас­­тары­мызды бекер алдыр­ма­ға­нын көрсетті.

Жексенбі күні Алматыда допты хоккейден әлем чемпионаты басталды

Жексенбі күні түс ауа коман­далар өз топтарындағы ал­ғаш­қы ойындарын өткізді. «Медеу» мұз айдынында өт­кен алғаш­қы матчта Қазақстан құрама­сы Норвегия құрама­сы­мен кездесіп, 10:1 есебімен ұтты. Ұлттық құраманың жігіттері Норвегияға қарсы барын салмаса да мүмкін болған жағдайдың бәрін пайда­лануға ұмтылды. Команданың бас бапкері Александр Никишов та құраманы жасақтағанда Ресей клуб­та­рында ойнайтын отан­дас­­тары­мызды бекер алдыр­ма­ға­нын көрсетті. Расын айт­қан­да, қазір командамызға дем беріп, оның ойынын ұршықша үйі­ріп жүр­ген сол хоккей­ші­лер­дің арқа­сында еліміз Ресей, Швеция, Финляндия сияқ­ты азулы елдермен иық те­ңесті­ріп, жүлделі орындарға тала­су­ға мүмкіндік алып отыр.

Сол хоккейшілердің ішінде қа­зір біздің құрамада мына ойыншылар өнер көрсетіп жүр. Қақ­пашылар: Андрей Рейн («Динамо» Мәскеу), Александр Косынчук («Динамо» Қазан). Қор­ғау­шылар: Михаил Добрынин («Волга» Ульяновск), Денис Максименко («Старт» Төменгі Новгород), Андрей Веселов ( «Байкал-Энергия» Иркутск), Сергей Горчаков («СКА-Нефтяник» Хабаровск). Жартылай қорғаушылар: Евгений Шадрин («Байкал-Энергия» Иркутск), Леонид Бедарев пен Руслан Галяутдинов (екеуі де «Старт» Төменгі Новгород), Андрей Мороков («Ветланда» Швеция), Денис Слаутин («Динамо» Қазан), Дмитрий Завидовский («Енисей» Крас­­ноярск), Вячеслав Маркин («СКА-Нефтяник» Хабаровск). Шабуылшылар: Рауан Есәлиев («Старт» Төменгі Новгород), Александр Насонов («Байкал-Энергия» Иркутск), Вячеслав Бронников («Родина» Киров), Сергей Почкунов («СКА-Нефтя­ник» Хабаровск). Қосалқы ойыншылар: Ескендір Нұғманов пен Нариман Тақыров (екеуі де «Ақжайық» Орал).
Осы тізімде Ескендір Нұғ­ма­нов пен Нариман Тақыровтың ға­на Оралдың «Ақжайық» клубында ойнайтынын көруге болады. Оның өзінде олар ұлттық құра­маның қосалқы құрамына тір­кел­ген. Басқаларының бәрі сыртта өнер көрсетіп жүрген отандастарымыз. Соның ішінде Рауан Ес­әли­ев те бар. Бұл жағдайдың себебін айтып жату артық болар. Өйткені, біздің елде Орал қа­ла­сынан басқа допты хоккейді дамытып жатқан өңірлердің жоқ екенін мойындауымыз керек. Осы­ған қарап енді біздің Қазақ­стан құрамасының Ресейден ал­дыртқан хоккейшілердің арқа­сын­­да болса да өз елімізде өтіп жат­қан әлем чемпионатында жүл­­­делі орындарға таласатынына сенгі­міз келеді. Ал бұл жүл­делі ор­ындарға бізден басқа Ресей мен Швеция құрамаларының күресе­тіні сөзсіз. Бұл екі құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарын да жеңіспен бастады. Жеңіспен болғанда ірі есеппен же­ңіске жетті. Ресейліктер АҚШ командасымен кездесіп, 19:3 есе­бі­мен ұтса, Швеция мен Финляндия арасындағы ойын 12:0 есе­бі­мен бітті. Бұл екі құра­маның біз­бен бірге бір топта ойнайтыны белгілі.
Кеше кешкісін Қазақстан құ­рамасы АҚШ-пен кездесті. Бүгін Ресей командасымен ойнаса, 2 ақпан күні Финляндия хоккей­ші­лерімен күш сынасады. Содан кейін командалар 4 ақпан күні жартылай финалда жолығады.
Жалпы, әлем чемпионатында еліміз құрама командасы екі рет жүлделі орынға ие болған. Осы­ған дейін ұлттық құрамамыз 2003 және 2005 жылдары қола медальді иеленген. Ал бізден басқа елдер ішінен 1957 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлем чемпионатында КСРО/Ресей 20 рет, Швеция 10 және Финляндия бір рет чемпион атанған. Бұдан басқа КСРО/Ресей 9 күміс, 2 қола, Швеция 14 күміс, 7 қола жүлдені иеленсе, Финляндия 1 күміс, 19 қола медальға қол жеткізген. Ал Норвегия болса 1 күміс, 1 қола жүлдені жеңіп алған.
Дастан КЕНЖАЛИН.