Білім • 21 Қараша, 2018

Орта білім беруді жаңғыртудың жаңа жобасы

1656 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын ресми іске қосуға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Дүниежүзілік банктің білім тәжірибесі бойынша басқарушысы Харри Патринос және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун қатысты. 

Орта білім беруді жаңғыртудың жаңа жобасы

Жобаның жалпы құны – рес­пуб­ликалық бюджетпен қар­жы­ландырылатын салықты қоса есептегенде 75 млн АҚШ доллары. Жоспарға сәйкес бұл қаражатқа ауылдық мектептерге оқу материалдары мен мультимедиялық құрал-жабдықтар сатып алынып, білім беру бағдарламалары жақсар­тылатын болады. Сондай-ақ ауылдық мектептердегі мұға­лім­дердің әлеуетін арттыру бо­йын­ша шаралар қолданылып, ерекше қажеттіліктері бар ба­ла­­ларға қолдау көрсетіледі. Жоба шеңберінде білім берудің жа­ңар­тылған мазмұнын қолдауға бағытталған бастамалар кешені жүзеге асырылады деп күтілуде.

«Бүгін орта білім жүйесінің сапа­сын арттыру, білім беру­дегі қолжетімділік пен теңдікті жетіл­діру мақсатында Қазақ­стан Республикасы мен Дүниежүзі­лік банк арасындағы келісім шең­берінде жүзеге асырылатын «Орта білім беруді жаңғырту» жо­ба­сының ресми ашылуын жа­рия­лаймыз. Бұл жоба Елбасы­ның «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары­ның 76-қадамында, Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағ­д­арламасында белгіленген басым­дықтарға сәйкес келеді. Жо­баның мақсаты орта білім жүйе­­сінің сапасын көтеру, жаң­ғырту­ды қолдау, білім берудегі қол­жетім­ділік пен теңдікті арттыру, қала және ауыл оқушылары ара­сын­дағы оқу үлгерімінің ал­шақ­тығын төмендету. Келі­сім жа­ңар­тылған білім беру маз­мұ­­нын қолдаудағы қозғалған бас­­та­малар кешенін қамтиды. Жоба­ның негізгі бағыттарының бірі – білім беру материалдарына қол­­жетімділікті арттыру, муль­ти­медиялық жабдықтармен жарақ­тау және ауыл мектептері мұ­ға­лім­дерінің әлеуетін көтеру ар­қы­лы ауылдық жалпы орта білім беретін мектептер мен ша­­­ғын жи­на­қ­талған мектеп­тер­дің оқу­ш­ы­­ларының үлгерімін жақ­­­сарту. Осылайша, жобаның жал­пы қаражатының 60 пайызы 5 мыңнан астам ауылдағы, әсі­ресе шалғайдағы ауылдардағы мек­тептерді мультимедиялық жаб­­дықтармен жарақтандыруға бағытталған. Бұл жаңа цифрлы білім беру ресурстарына қол­же­тім­ділікті жақсартып, халық­аралық тестілеуді онлайн форматында өткізу үшін материалдық-техникалық қолдау көрсетеді. Оған қоса осы шаралар қала және ауыл мектептері оқушылары арасындағы оқу үлгерімінің ал­шақ­тығын төмендетуге ықпал етеді. Педагогикалық білімді жаң­­ғыртуға жеке көңіл бөлінуде. Педа­­го­гикалық мамандықтарға ар­нал­­ған жаңа 30 білім беру бағ­­­дар­­ламалары мен болашақ мұ­ға­­лімді дайындаудың жаңа моде­лі жасалады. Сонымен қатар, 16 пе­да­го­гикалық жоғары оқу орын­дары­ның материалдық тех­ни­­ка­лық базасын күшейтуге қомақ­­ты қаржы бөлінеді», деді Э.Суханбердиева.

Келісімнің тағы бір маңызды бағыттарының бірі – инклюзивті білім беруді қолдау. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға са­­па­лы білім беру де аталған жо­ба­ның ажырамас бөлігі деуге болады. 

«Жобаның басты бенефи­циар­­лары 3 млн-нан астам мек­теп оқушылары, оның ішінде ерек­ше білім қажеттіліктері бар бала­лар, ауыл мектептерінің 170 мың мұғалімі мен директоры, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері бол­мақ. Жоба институционалдық дең­гейде еліміздің әр мектебі­нің, әсі­ресе қиын жағдайдағы мектеп­тердің әлеуетін көтеруге мүм­кіндік береді, орта білім сапасын арттырады», деді вице-министр. 

Жиын соңында ұйымдас­тыру­шылар ұлттық деңгейдегі жоба еліміздің тұрақты дамуы үшін адам капиталын нығай­ту­ға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар қоғамға оңтайлы әлеуметтік-экономикалық әсер қалдыратынын тілге тиек етті.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»