Қазақстан • 22 Қараша, 2018

Мемлекеттік кірістер департаменттері «WhatsApp» арқылы сұрақтарға жауап береді

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті салыққа қатысты сұрақтарға «WhatsApp» желісі арқылы да жауап бермек. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік кірістер департаменттері «WhatsApp» арқылы сұрақтарға жауап береді

Тұрғындар салықтың есептелуі, төленуі, пайда болған қарыздары бөлігінде жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтары «WhatsApp» мессенджері арқылы облыстық департаменттердің нөмірлеріне қоя алады. Жаңа қызмет 2018 жылғы 22 қарашадан бастап іске қосылды.

Жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарды жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдың 19 қарашасынан бастап жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып жүрген сұрақтарына жеке тұлғалар жедел жауап беру үшін «WhatsApp» мессенджерін қосқан болатын. Мемлекеттік кірістер комитетінің мессенджері 8-776-136-41-32 нөмірі бойынша жұмыс жасайды.

Комитеттің хабарлауынша, жаңа қызмет іске қосылғаннан бастап үш тәулік ішінде 800-ден астам сұрақтар келіп түсіп, оның ішінде 90%-ына жауаптар берілген.

Қалған сұрақтарды аумақтық департаменттер бақылауына алған. Оларға жауап кешірек беріледі. Телефон нөмірлерімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.