Бүгінгі таңда Еуропа лотереялық ассоциациясы әлемдегі ең беделді кәсіподақтардың бірі болып есептеледі. Оның құрамына 45 елдің, соның ішінде 28 Еуроодақ мемлекеттерінің лотерея компаниялары кіреді. 1983 жылы құрылған.
Ассоциацияға мүше болу үшін лотерея бизнесін жүргізудің жоғары стандарттарын ұстану қажет:
- - ұтыс ойын өткізу барысында адалдық пен қауіпсіздікке кепіл болу;
- - лотерея қатысушыларының алдында барлық міндеттерді мүлтіксіз орындау;
- - кірістің бір бөлігін қоғам дамуына жұмсау;
- -ФАТФ ұсыныстарын орындау (ақшаның ізін жасыру, терроризмді қаржыландыруды болдырмау).
«Сәтті Жұлдыз» компаниясының президенті Александр Теннің айтуынша, халықаралық лотерея ассоциациясына мүшелік компанияның әлемдік лотерея индустриясының жоғары стандарттарына сай екендігін көрсетумен қатар, бастысы қатысушылар үшін құқықтарының сақталуы мен жеңімпаздардың кездейсоқ таңдалатынына, ұтыстардың уақтылы төленуіне, жеке бас ақпаратының құпиялығына кепілдік.
Қазақстандық «Сәтті Жұлдыз» лотереясын салтанатты түрде Еуропа лотереялық ассоциациясына қабылдау рәсімі Антверпен қаласында 2019 жылдың 29 мамырында Бас ассамблеяның отырысы аясында өткізіледі.