«Болашақ жүргізушілер алдымен тест тапсыру арқылы жол қозғалысы ережелерінен білімін көрсетті. Сосын автокөлік жүргізуден сынға түсті» дейді полиция майоры Елена Магасумова. Қазылар алқасы мүшелерінің пікірінше, байқауға қатысқандар қойған тапсырмаларды негізінен жақсы орындап шықты. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Ви-Кар» автомектебінің оқушысы Дәулет Құдабаев, екінші орынды ВИП автомектебінің оқушысы Балжан Құдайберген, үшінші орынды «Ви-Кар» автомектебінің оқушысы, жол қозғалысы ережесінен жақсы білімін көрсеткен Анастасия Климович алды. Байқауда оқушылары жол қозғалысы ережесі мен автокөлікті меңгеруде жақсы нәтижелер көрсеткен «Ви-Кар» авомектебі үздік деп табылды.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай