Тұжырымдамаға сәйкес, «жасыл экономикаға» көшу су ресурстарын тұрақты пайдалану, өнімі жоғары әрі тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту және экожүйелерді сақтау және тиімді басқару бағыттары бойынша жүзеге асады.
Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Жеңіс Нұрғалиев шараны аша келіп, отырыс Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында өтіп отырғанын атап өтті.
Энергетика министрінің орынбасары Сәбит Нұрлыбай 2017 жылы жаңартылатын энергия көздерінде шамамен 1,1 млрд. киловатт/сағат «жасыл» энергия өндірілгенін хабарлады. 2018 жылы жаңартылатын 200 МВт энергия көздерін енгізу де жоспарланған. Елімізде қазірдің өзінде қуаты 430 МВт болатын жаңартылатын 66 энергия нысаны жұмыс істеп келеді. 2018 жылдың бірінші жартысында шамамен 630 млн. кВт.сағат «жасыл» энергия өндірілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 19 пайызға артық болып отыр.
Одан басқа, 2018 жылдың 9 айы ішінде жаңартылатын энергетика секторына шамамен 100 млрд. теңге (немесе 283 млн. АҚШ доллары) көлемінде бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою арқылы инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ол сондай-ақ шығатын булану газдарына тиісті үлестік коэфициентіне негізделген квоталарды бөлудің Ұлттық жоспарын жүзеге асыру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер шығатын булану газдарын 2030 жылға қарай 15 пайызға төмендету жөніндегі міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп хабарлады.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамалар кен орындарындағы өндіріс кезеңінде ілеспе және табиғи газды алауда өртеуге тыйым салады. 2006-2017 жылдары өртелген газ көлемі 3-тен 1 млрд. текше метрге дейін қысқарды, бұл ретте жойылған газ көлемі 28 млрд. текше метрге ұлғайды.
Министрліктің мәліметінше, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқын газбен қамту деңгейі 47,38 пайызды құрады. Сонымен қатар, газбен қамтамасыз етудің Бас кестесі бойынша, 2030 жылға қарай газдандыру деңгейін 56 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл қосымша 1,6 мыңнан астам елді мекен газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласы мен еліміздің орталық және солтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етуге арналған Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағытындағы «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының жобасы бір жарым жыл ішінде жүзеге асады. Магистралдық газ құбырының бойындағы Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары табиғи қамтамасыз етіледі. «Сарыарқа» газ құбыры бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында бастау және 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Ауа ластайтын заттардың жылжымалы көздерінен шығатын газдарды азайту үшін автомобиль көлігіне қатысты Еуро стандарттары енгізілуде. Энергетика министрлігі 2018 жылдың бірінші жартысынан сатылатын отын сапасына қойылатын талаптарды К-3 деңгейінен K-5 деңгейіне дейін көтерді. Жоғары сапалы отын сыныбына (К-5) ауысқан кезде, автокөлік құралдарынан атмосфералық ауаның шығарындылары айтарлықтай азаятын болады.
Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру мақсатында министрлік 2014 жылдан бастап агроөнеркәсіп кешеніндегі субъектілердің инвестициялық шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, Субсидиялау ережесінде тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері мен жабдықтарын сатып алу шығындарының 25 пайызын өтеу қарастырылған.
Бұл шаралар суды үнемдейтін суару технологияларын жыл сайын 20,0 мың гектарға дейін енгізуге мүмкіндік берді, ал 2018 жылдың 1 қаңтарына суды үнемдейтін технологиялармен қамтылған алаң - 183,4 мың гектарды құрайды.
Су үнемдеу технологияларын енгізудің оң көріністерін ескере отырып, 2022 жылға қарай Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 258,0 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Сарапшылар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өткен егжей-тегжейлі талқылаудан кейін Сенат комитетінің төрағасы Ж.Нұрғалиев Мемлекет басшысының 5 қазандағы Жолдауында экология заңнамасын жетілдіру, қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу міндеті алға қойылғанын атап өтті. Үкімет сағаты аясында айтылған ұсыныстар еліміздің заңнамасын жетілдіру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.