133 жыл бұрын (1885-1935) қазақ ақыны, жазушы, ағартушы-педагог, Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі Міржақып Дулатұлы дүниеге келді.

Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Кіші баласы Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Екі жылдан кейін ол ауылдық мектепте Мұқан Тоқтарбайұлы деген мұғалімнен орысша сабақ алады. Міржақып Дулатов өзі жазған өмірбаянында «1897жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім, оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым» - деп жазады.
Торғай топырағына білімнің ұрығын сеуіп кеткен Ыбырай Алтынсарин мектебі жас ұрпаққа бұл кезде игі ықпалын тигізді. Мұқан мұғалім де, Ахмет Байтұрсынов та, ағасы Асқар да Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектері еді. Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жете меңгереді. Орыс жазушылары шығармаларымен танысады. Мұғалім болған 6 жыл ішінде оң мен солын танып, ұлт қамы үшін күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы жылдары таныта бастайды. Осы кезден бастап-ақ Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты болды. Осы арада бір ғана «Серке» газетіндегі «Жастарға» атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып қалған.
Енді, міне, белгілі бір мөлшерлі мезгіл жеткенде, ел жадындағы ұлы тұлғаның ғибратты ғұмырына көңіл бөліп, тағзым етудің орайы келіп тұрғандай. Демек, бұл тұста Міржақып Дулатұлы кім деген сұраққа мән бермей қоя алмаймыз. Оның халық деп соққан жүрегінің дүрсілі ғасыр сағатының тіліндей тырсылдап естіліп тұратынына ешкімнің күмәні болмаса керек. Ендігі сұрақ - біз оның табиғи болмысын қаншалықты түсіне білдік. Өткен ғасырдың ұшар басында Торғайдың қазақ-орыс мектебін бітіріп, кейіннен Қостанайдағы бір жылдық курсты бітіріп, мұғалімдік куәлік алып, Міржақып бір-екі жыл ауыл мектебінде бала оқытады.
Елге адал еңбек көрсете жүріп, елдің әлеуметтік өмірінен хабардар болған көзі ашық жігіт ауыл түлегіне көңілі толмады. Әр түрлі салаға ой жүгіртіп, әлденелерге алаңдаулы болды.Сондағы оны ең мазалағаны, ауыл балаларына білім беруге жағдай жасалмағаны, оқулықтардың жоқтығы. Мектеп қабырғасында меңгерген ғылымы пәндерден алған білімін әрі қарай жалғастыру керектігін ойластыратыны. Әсіресе көбірек әуестенетіні - әдебиет. Бос уақытында әдеби кітаптар оқуға тілін жаттықтырып, азды-көпті өлеңдер де шығара бастайды. Көбіне жазатыны - ел өмірінің ахуалы. Ана тілінде шығатын елдің қамын ойлайтын зиялы азаматтар сөзін көп оқиды.
Сондайда көбірек көз тоқтататын екі есім бар. Бірі - Әлихан Бөкейханов деген кісі де, екіншісі - бүгінде жұрт аузында жиі айтылатын Ахмет Байтұрсынов. Жас жігіт осындай екі ұлы тұлғаны бір көрсем деген ниетке беріле бастайды. Ақыры 1904 жылы, омбы қайдасың деп, солар тұрған қалаға қарай тартып отырады. Айтқандай-ақ өз дегеніне жетіп, іздегенін табады. Солардың жылы шырайын көріп, тығыз араласады. Әлихан өзінен кішіге «шырақ» деп сөйлейді екен, ол Ахмет ағасы мұны бір көргеннен-ақ, жақын тартып, «інішек» деп атап кетеді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тәртібіне шығарған және қазақ зиялылырының еркін пікір алаңына айналған.
«Қазақ» газеті жарық көре бастағаннан бастап оның бас редактор Ахмет Байтұрсынұлының орынбасары қызметінде Міржақып Дулатұлы болды. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің пікірнше, сол кездері көпшілікке танымал болған «Қазақ» газетін Міржақып Дулатұлының қарымды қаламы, көксемсер сөзі, жалынды публицистикасының елестету мүмкін емес. Ол еңбектерінде ол Міржақып туралы: «Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір тақырыпқа жазған. «Қазақ» газеті сондай сапада, сондай биіктіктен көрінуіне, меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар. Жалпы Міржақып Дулатұлы – қазақ журналистикасын жаңа сапаға көтерген адам»,- деген пікір айтыпты.
Сөйтіп әйел теңсіздігін жоқтаған, өз заманындағы озбырларды әшкерелеген Міржақып 1935жыл Сосновск станциясындағы жазалау лагерінде ауыр науқастан көз жұмады. Өмірден өтсе де, Міржақыптың рухқа толы жалын жырлары ел есінде мәңгі жаңғыра бермек.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар