26 Қараша, 2018

«Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты VIII форумы өтті

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан дінтанушыларының «Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты VIII форумы өтті. 

«Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты VIII форумы өтті

Жиынға Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Әкім­шілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Шойкин, Д.Қо­наев атындағы Еуразиялық заң ака­демиясының ректоры О.Жалаири, мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі қазақстандық дінтанушы ғалымдар және діни бірлестіктердің басшылары қатысты. Форум барысында елдегі діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және исламтану мектебінің қалыптасуы мәселелері талқыланды. 

Қоғамдық даму вице-ми­нистрі Б.Арын дінтанушылар бір­лестігіне бірқатар ғалымдар қосылғанын атап өтті. «Дін мә­се­лесінің қоғамдағы өзек­тілігіне орай, оның ғы­лым­дағы орны арта түсті. Сол се­бепті біз осы қо­ғам­дық бірлес­тік­­тің құ­ра­мына дін­танушы ғалым­дар­мен дінтанулық білім беру, ақ­параттық түсіндіру саласын­да­ғы қоғамның белсенді азамат­тарын тартуға тырыстық. Дін істері және Азаматтық қо­ғам министр­лігі тарапынан 2017-2020 жыл­дарға арналған дін саласын­дағы мемлекеттік саясат­тың тұ­жы­рымдамасы қабыл­дан­ған болатын», деді ол.

Бұдан әрі дінтанушы ғалым­дардың форум тақырыбына сәй­кес баяндамалары тыңдал­ды. Жиын соңында Қазақстан­ның алдыңғы қатарлы дінтану­шы­ларын марапаттау рәсімі өтіп, тұжырымдамалық ұсыныстар қабылданды.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55