– Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан нақты осы екендігі туралы Ахат Шәкәрімұлы, Мінәш Әрхамқызы, Досымхан Тоққараұлы жазбаларынан, естелігінен оқып, танысып көрдік. Шабадан 1952 жылы жасалып шыққан, ұзындығы 72 см, ені 46 см, биіктігі 24 см. Ішінде «Ленинград,1952» деген жазу бар. Қарауылда тұрған Кенжетілеу Доланбеков үйінің мүлкі. 1961 жылы Ахат ата Бақанасқа жол жүрерде өзімен бірге ала кеткен. Сол кездері жүргізуші боп істеп жүрген Қабидолла Медеуов дәл осы шабаданмен Ахат ақсақалды Қарауылдағы Шағатай Ысқақовтың үйіне апарып салғанын айтты. Бұл жәдігерді музей қорына 2017 жылдың шілде айында Айдар Доланбеков табыстады. Содан бері қарай қаншама зерттеулер жүргізіп, бүгін ғана ашық жариялап отырмыз, – деді директордың орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.
Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
СЕМЕЙ