Қазақстан • 27 Қараша, 2018

Азаматтық қоғамды дамыту – басым бағыттардың бірі

4372 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада «Аза­маттық қоғам және мемлекет: Диалог. Серік­тестік. Сенім» тақы­рыбында VIII Азамат­тық форум басталады.

Азаматтық қоғамды дамыту – басым бағыттардың бірі

Форумды өткізудегі негіз­гі мақ­сат – заманауи аза­мат­­тық қоғамды қалыптас­тыру, мемлекеттік басқару үде­ріс­терінде азаматтық қо­ғам институттарын нығайту жә­не азамат­тық қаты­су­ды жандан­дыруға күш-жігерді бі­рік­­тіру үшін азаматтық сек­­тор­­­­­дың, мем­­лекет­тік ор­­­­­ган­­­дар­дың, бизнес құры­лымдардың, ха­лық­­ара­лық ұйымдар мен сарап­тамалық қауымдастықтың өзара ашық үнқатысуын дамыту.

Жалпы, Қазақстан тәуел­сіз­­­діктің алғаш­қы жыл­да­­­ры­­­нан бас­тап елдегі азамат­тық қоғамды дамытуды бас­ты назарда ұстап келеді. Бұл бағытта арнайы заң қа­был­­данып, ауқымды шаралар қолға алынды. Мұның барлығы өз жемісін беріп отыр. Мәселен, 1994-1997 жыл­дар аралығында үкімет­тік емес ұйымдар (ҮЕҰ) саны 400-ден 1600-ге өсті (қазіргі таңда еліміз бойынша 20 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген). Бұл өз кезегінде «үкіметтік емес ұйымдар» деген атаудың қоғамдық санада орнығуына, сондай-ақ олардың ел әлеуетін артты­рудағы рөлінің маңыз­дылы­ғын түсінуімізге жол ашты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1994 жылы Азаматтық кодекс қабылданып, ол бірін­ші кезекте үкіметтік емес ұй­ымдардың бағыт-бағ­да­рын, азаматтар мен заңды тұлға­лардың қатысуымен пайда бола­тын мүліктік қарым-қатынас­тар мен мүліктік емес қатынастарды реттеу жолдарын айқындады.

Үкіметтік емес ұйымдар мен мем­­лекет ара­сын­да­ғы қа­­­­ты­­­­нас­­тарды жүйелі түрде дамыту ба­ғы­тындағы жұмыс­тардың барлығын заң аясында жүргізу тараптардың өзара байланыстарын уақыт талабына сай жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні белгілі. Осы орайда коммерциялық емес ұйымдар санының арта түскені, сондай-ақ мем­ле­кет пен азаматтық қо­ғам ара­­сындағы қарым-қа­ты­нас­­­тар­ды жүйелі дамыту қа­жет­тігі ескеріле оты­­рып, 2001 жылдың қаң­та­рын­да «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң қабылданды. Бұл өз кезегінде саладағы мақсат-міндеттерді нақтылауға мүмкіндік берді әрі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстарды жаңашылдықпен дамытуға жол ашты. 

Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­­­сыр­масы бойынша 2002 жылы Үкі­мет­тік емес ұйым­дарды мем­лекеттік қолдау Тұжырымда­масы жарияланды. Ол мемлекеттiк органдар мен қоғамдық сектор арасындағы қатынастардың тұрақты және тиiмдi жүйесiн құруға, елдің азаматтық қоғамын дамытуға серпін берді. Бұл Тұжырымдама негізінде Үкімет тарапынан үкіметтік емес ұйымдарды мем­лекеттік қолдау мақ­сатында 2003-2005 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданды.

Бұлардан бөлек, еліміздегі азаматтық қоғамды дамыту мәселелері Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауларында да жан-жақты айтылып келеді.

Жал­­пы, еліміздің аза­мат­­­тық қоғамын дамыту ба­ғы­тында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Олар­дың ара­сын­да екі жыл са­йын ұйым­­дас­­ты­ры­лып келе жатқан Азамат­тық фо­рум­ның орны ер­ек­ше. Бұл форум­дар ат­қа­рылған шараларды қо­ры­тын­дылап, алдағы мақсат-міндеттерді белгілеудің бас­ты алаңы болып табылады.

Бүгінде Азаматтық форум үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс­­­ты ны­ғайтудың негізгі  ала­ңы ретінде өзіндік бе­де­лін қалыптастыра біл­ді. Форум­­ның та­рихына аз-кем шолу жасар болсақ, І Азаматтық форум Елбасының қатысуымен 2003 жылдың қазан айында өткен болатын. Жиында азаматтық қоғамның елімізді дамытудағы рөлі атап көрсетіліп, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың әріптестігін дамытудың кең ауқымды мәселелері қаралды. Оның ішінде қоғамдық келісім, ішкі бірлік, демократиялық құн­ды­лықтарды дамыту және басқа да өзекті мәселе­лер қоз­ғал­ды. Бұдан кейін өткен алты форумда да азаматтық қоғамды да­мы­ту бағытындағы негізгі міндет­тер күн тәртібіне шы­ға­­ры­­лып, үкі­мет­тік емес ұйым­дарды мем­лекет тарапы­нан қолдаудың ба­сым бағыттары белгіленді.

Біз сөз еткен, яғни І Аза­мат­­тық форумда өткен 2003 жыл­­дан бергі аралықта саланы дамытудың тиімді жолда­ры нақтыланып, бел­гі­лен­ген міндеттерді атқару мақсатында қаржылық тұр­ғыда көптеген көмек жасалды. Мәселен, 2016 жылы 11 жоба гранттық тұрғыда қаржыландырылса (208 млн теңге), 2017 жылы осындай 57 жоба қаржылық қолдауға ие болды (618,5 млн теңге). 2017 жылы үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін 1,1 млрд теңге бөлінді. Ол 3 933 адамды қамтыды. Ал 2018 жылы арнайы әлеу­мет­­тік қыз­меттер көрсету үшін (адам сауда­сын­ың құр­­ба­ны бол­ған­дарға, тұр­мыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға, үйінде арнайы күтім қажет ететіндерге және т.б.) 1,3 млрд теңге қара­лып, бұл қаржы 4 328 мың адамның қажетіне жұмсалды. Сондай-ақ «Инватакси» қыз­ме­­тін дамыту үшін де қар­жы­лық қолдаулар көрсетілді.

Сонымен, алдағы 27-28 қара­ша күндері Астана­да өте­тін VIII Азамат­тық фо­рум­­да салаға қатысты өзек­ті мә­се­лелер талқы­лан­бақ. Еліміз­дегі азамат­тық қо­ғам­ды дамыту мақ­сат­­тарын көздейтін бұл жи­ын­ға үкі­меттік емес ұйымдардың, ха­лықаралық құрылымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың, қоғам­дық кеңе­стердің өк­іл­­­дері қатысады. Форум ая­­сында семинарлар, шебер­лік сыныптары, дөңгелек үс­тел­дер, пікір­талас алаң­да­ры, ми­нистр­ліктер мен в­е­дом­стволар басшыла­ры­мен салалық кездесулер форматындағы тақырыптық сессия­лар ұйым­­дас­тырылмақ. Бұл шаралар барысында мем­­лекеттік органдарды жаң­ғырту, медиа және ашық­­тық, экология және қорша­ған ортаны қорғау, әлеумет­тік кәсіпкерлік және инновация, ІТ және Big Data, тұтынушылардың құ­қық­­тарын қорғау, белсенді аза­мат­тық қоғамды қалып­тас­­ты­рудағы ЖОО мен мек­теп­тер­дің рөлі және бас­қа да өзек­ті мәселелер қа­рас­­ты­рылады. Бұдан бөлек, қатысушылар Азамат­тық қоғам институт­та­рын дамытудың 2020-2025 жылдар­ға арналған тұжырымдамасының жобасын талқылайды.

Фо­рум соңында әлеу­мет­­тік мә­се­лелерді шешуге үл­ес қос­қан үкіметтік емес ұйым­­дарды марапаттау және «Та­ным» жүлдесін (ҮЕҰ, бизнес және еліміздің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан мем­лекеттік органдарға ар­налған жүлде) тапсыру рәсімі өтеді. 

Айта кетейік, шараны Қо­ғам­дық даму министрлігі мен «Қазақстанның аза­мат­­тық альянсы» заңды тұл­ғалар бір­лес­тігі ұйым­дас­ты­­руда.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»