1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

ЖИТС жайлы көп естиміз. Бірақ оған көбіміз мән бере бермейміз. «Оның бетін ары қылсын!», «Құдай сақтасын!» дейтініміз рас. Бірақ «Сақтансаң сақтайды» демекші, ғасыр індеті атанған дерт жайлы білгеніміз – ұрпағымызды сақтағанымыз. Осы мақсатта бүгін біз иммун тапшылығы вирусы жайлы сөз етпекпіз.  


Егемен Қазақстан
27.11.2018 724
2

Статистикаға сүйенсек, 2016 жылы Қазақстанда АИТВ жұқтырғандар саны 26 мың болатын. Сол жылы аталған вирусты тағы 2 900 адам жұқтырып, тағы мың науқас ЖИТС-тан көз жұмған. 2010 жылдан бері АИТВ тырнағына ілінгендер саны 39%, одан қайтыс болғандар саны 32% артқан.

АИТВ немесе адам иммун тапшылығы вирусы – иммундық жүйе жасушаларына шабуыл жасайтын вирус. Ол ағзаның қорғаныс жүйесіне жауап беретін T-хелперлерді жойып, олардың орнын өздерінің көшірмесімен толтырады. Вирус қанша көп болса адамның иммунитеті де соншалықты төмен болады. Сондықтан ретровирусқа қарсы терапия қабылдамаған науқас жиі ауыратын болады. Денесінде көк дақтар пайда болып, шыққан жараның жазылуы қиындайды.

Емделмеген жағдайда АИТВ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына, яғни, ЖИТС-ке ұласып кетеді. Дәрігерлер оны АИТВ індетінің соңғы стадиясы деп те атайды. Бұл кезеңде иммунитет өздігінен инфекцияға қарсы күресе алмайды. Емделмеген адам үш жылға дейін ғана өмір сүреді.

Бұл ауру әр кезеңде әртүрлі симптомдарға ие. Вирус жұқтырғаннан кейін алғашқы 2-4 аптада науқастардың 40-90 пайызы өздерін суық тигендей  сезінеді. Денесі дел-сал болып, тамағы ауырады, тоңып, үсті қышиды, ауыз қуысында жара пайда болып, лимфа бездері ұлғаяды. Тестердің бәрі болмаса да көпшілігі вирус арқылы бөлінетін антиденелерді анықтай алады. Дегенмен әр жарты жылда немесе жылына бір рет ВИЧ-ке тест тапсыруды әдетке айналдырған жөн. Оның үстіне, қазақстандықтар тексерудің бұл түрінен тұрғылықты емханасы арқылы тегін өте алады.  

Иммун тапшылығы вирусын емдеуге болады. Бірақ одан толық айығып кету мүмкін емес. Ретровирусқа қарсы күшейтілген терапияның арқасында вирус жұқтырған пациенттердің өмірін 70-80 жасқа дейін ұзартуға болады, дейді мамандар. Аталған терапия жасушадағы ақуыздарға әсер ететін ферменттердің қызметін әлсіретеді. Нәтижесінде иммун тапшылығы ЖИТС-ке айналмайды.

Астана қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес және аурудың алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Мусинаның айтуынша, вирус анықталған жағдайда ең алдымен ЖИТС орталығына барып тіркелу қажет. Өйткені, ауруды бақылауда ұстаудың маңызы өте зор. Есепте тұрған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ретровирусқа қарсы емді тегін ала алады. АИТВ жұқтырған аналардың балаларына арналған тағамдар мен дәрі-дәрмек тегін беріледі.

Айтуынша, сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін күмәнданған жағдайда контактіге дейінгі және контактіден кейінгі профилактика шараларын пайдалануға болады. Ретровирусқа қарсы препараттар – тенофовир және эмтрицитабин деп аталады. Салтанат Мусинаның айтуынша, бұл әдіс вирус жұқтыру қаупін 90 пайызға дейін төмендетеді және бұл көбіне тәуекел тобына жататын адамдарға арналған. Контактіден кейінгі профилактика ВИЧ жұқтыру қаупін төмендетіп, вирустың көбеюіне тосқауыл жасайды. Алайда, емді жыныстық қатынастан кейін алғашқы 72 сағат ішінде бастап, дәрілерді 28 күн қабылдау қажет.

Адам иммун тапшылығы вирусы – үкім емес. АИТВ жұқтырғаннан кейін де өмір бар. Індет тырнағына ілінгендер де отбасын құрып, дүниеге перзент әкеле алады. Жақын адамыңыз осындай дертке душар болған жағдайда кеудесінен итермей, қолдауға тырысу қажет. Өйткені, науқастың күйзеліске толы болатын ендігі өмірінде достары мен туыстарының қолдауы ауадай қажет. Мамандар АИТВ жұқтырған науқастың отбасында әр адамның өзіне тиесілі маникюр құралдары, қырынатын ұстарасы мен жеке тіс щеткасы болуы тиіс екенін ескертеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу