29 Наурыз, 2012

Спорт кешендері салынады

642 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Спорт кешендері салынады

Жақында Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму ко­ми­­тетінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңын жүзеге асыру және еліміздегі спорт саласын одан әрі дамыту мәсе­ле­сі­не арналған жиында Спорт және дене шынықтыру іс­те­рі агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев 2020 жыл­ға дейін салынатын спорт нысандары туралы хабарлады.

Оның айтуынша, 2020 жылға дей­ін елімізде 196 млрд. теңгеге 924 спорт ны­саны салынуы керек. Бү­гінде елі­міз­де дене шы­нық­тыру және спортқа деген қа­жеттілік 324 бірлікті құрай­­ды.

Жақында Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму ко­ми­­тетінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңын жүзеге асыру және еліміздегі спорт саласын одан әрі дамыту мәсе­ле­сі­не арналған жиында Спорт және дене шынықтыру іс­те­рі агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев 2020 жыл­ға дейін салынатын спорт нысандары туралы хабарлады.

Оның айтуынша, 2020 жылға дей­ін елімізде 196 млрд. теңгеге 924 спорт ны­саны салынуы керек. Бү­гінде елі­міз­де дене шы­нық­тыру және спортқа деген қа­жеттілік 324 бірлікті құрай­­ды. Оларды салу үшін әрқа­й­сысына орташа есеппен алғанда 290 млн. теңге қажет. Ал жаңағы 324 кешенге 94 млрд. теңге керек. «Қазіргі кезде аудан орталық­­та­ры мен елді ме­кендерге 600 дене шы­­нықтыру және спорт кешен­де­рі керек, – деді ол. – Солардың біреуі­нің құры­­лы­сы­на орташа есеппен ал­ған­да 170 млн. теңге жұмсалады десек, барлық ке­­шен­ді салуға 102 млрд. қажет болады».

Сонымен бірге, Т.Ермегияев осы күн­­­­дері жұмыс істеп тұрған спорт нысан­­дарының халықтың қажетті­лік­­­терін толық ақтай алмай жат­қа­нын жасырмады. Яғни, спорт нысан­дары­ның іш­ін­­де халыққа қолжетімді емес­тері бар. Осы мәселені шешу үшін ол спорт кешен­де­рін қазір­гі заманғы құрал-жабдық­тар­­мен қамта­масыз етіп, балалар мен жас­өс­пі­рім­дердің мектептегі са­бақтан соң, емін-еркін келулері үшін ашық есік жағ­дайында жасау керек деген пі­кірін білдірді.