Қазақстан • 28 Қараша, 2018

Маркшрейдер әлем чемпионатында күміс медаль алды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның Мальмё қаласында жекпе-жек спортының джиу-джитсу түрінен өткен әлем чемпионатында қарағандылық Нұржан Сейдуәлі табысты өнер көрсетті. 55 елдің 3 мыңға тарта спортшысы қатысқан додада жерлесіміз 56 кило салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Маркшрейдер әлем чемпионатында күміс медаль алды

Қарағандылық спортшы бірінші жекпе-жегінде Оңтүстік Кореядан келген қарсыласын ұпай санымен жеңді. Келесі кезеңде ол Қазақстан құрамасының мүшесі Қуандық Қонысовпен күш сынасып, оны 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ал финалдық айқаста Нұржан Сейдуәлі Біріккен Араб Әмірлігі құрамасының спортшысынан ескерту саны бойынша жеңілуге мәжбүр болды.

Әлем чемпионатының су жаңа күміс жүлдегері «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір разрезінде учаскелік маркшрейдер болып жұмыс істейді.

Қайрат Әбілда,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды