Футбол • 29 Қараша, 2018

Месси Роналдудан озды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Чемпиондар лигасының бесінші турында Голландияның ПСВ мен Испанияның «Барселона» клубтары арасындағы кездесудің 61- минутында Лионель Месси гол соққаны мәлім.

Месси Роналдудан озды

Каталониялық команда сапында өнер көрсеткелі бері 31 жастағы бразилиялық шабуылшы айтулы жарыста 106 мәрте мергендік танытып отыр. Бұл көрсеткіш жағынан ол Криштиану Роналдудан озды. Мадридтің «Реал» клубының намысын қорғаған кездері Португалияның жұлдызы 105 гол соққан еді. Алайда Италияға қоныс аударған ол биылғы жылдың жазында «Ювентустың» жейдесін киді. Енді Роналдудың Мессиден оза алмайтыны анық.

Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының топтық турнирінде 66 ойын өткізген Лионель Мессидің қарсыластар қақпасына 66 гол салғанын да айта кеткен абзал. Бұл да рекордтық көрсеткіш! Ал айтулы доп додасының биылғы маусымындағы үш рет жасыл алаңға шыққан Аргентинаның мақтанышы алты мәрте допты торда тулатты. Осылайша, Месси осы күнге дейін көш бастап тұрған «Баварияның» сұрмергені Роберт Левандовскийді қуып жетті.        

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»