Президент • 30 Қараша, 2018

Әлем таныған Елбасы

115 реткөрсетілді

Сонау тоқсаныншы жыл­дар­дың басында егемендік алған Қазақстан демократия жолын таңдап, тұңғыш рет президент сайлауын өткізді. Жал­пыхалықтық сайлауда ең көп дауыс жинаған, дәлірек айтсақ сай­лаушылардың 98 пайызынан артығы қол­даған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті болып тағайындалды. Сол уақыттан бастап ширек ғасыр­дан артық Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ елінің көшін бастап келеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың ті­ке­лей басшылығымен еге­мен­дік­тің алғашқы қиын-қыстау жыл­­дарында елдігімізді сақтап, қиын­шы­лықтарды жеңе білдік, саяси жүйеде, экономикада, әлеумет­тік салада заманауи күрделі реформалар жүргіздік. Олар­дың нәтижесінде демократиялық бағыттағы зайырлы Қазақ­стан мемлекеті дүниеге келді, на­рықтық экономика жүйесіне көш­тік, заман талабына сай әлеу­меттік саланың даму бағыттары жа­салды. Бүгінгі таңда Қазақстан барлық шешуші қырларымен әлем елдерінің бел ортасында. Дәлірек айтсақ, эко­но­микадағы, білім, денсаулық са­ла­­сындағы көрсеткіштерімен ал­дыңғы қа­тар­лы елдерге бірте-бірте жақындап келе жатыр. Ғасырлар жүретін жолдың, алатын асулардың ширек ғасыр ішінде-ақ ауыз толтырып айтарлықтай біразын еңсеріп тастадық деп айта аламыз. Бұрын Қазақ тарихында болмаған жолға бет алып, әлем елдерімен өмірдің барлық салаларында ұлы күрес басталды. Оның туын Президент Назарбаев көтерді.

Ғасырлар бойы технология, техника тұрғысынан әлем елдерінің ең соңында титықтап жүрген, өнді­рісінің деңгейін Кеңес дәуірінде ин­дустриялық қоғам дәрежесіне де жеткізе алмаған Қазақ елін заманауи жоғары техника, технологиялармен жарақтап, ұзап алға кеткен постиндустриялы сатыдағы елдердің, яғни бүгінгі ең озықтарының қатарына алдымен біртіндеп жақындап, түбінде олардың санатына қосылудың ұлы жорығы басталды. Осы жорықты да жан-жақты ойластырып, тікелей оның да көшін бастаған Президент Назарбаев болды. Елімізде он шақты жылдан артық толассыз жүріп жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, соның арқасында дүниеге келген 1000-нан аса жаңа кәсіп­орын – соның дәлелі.

Президенттің тікелей басшы­лығымен, бұрын ешкім білмейтін, ешкіммен айтарлықтай қатынасы жоқ қазақтарды, Қазақ елін әлемге жан-жақты таныстыру басталды. Ол үшін әлем елдерімен бей­біт­шілік пен жарастыққа бастай­тын саясат жасалуы керек еді. Оны да Президент жасады. Әлем ел­дері­нің біразымен өзара тиімді сая­си-экономикалық байланыс қа­лып­тасты. Оның да тиімді моделін іскерлікпен жүзеге асыра білген Нұрсұлтан Әбішұлы болды. Осының арқасында Қазақстан бүгін көптеген елдермен тұрақты және өзара тиімді байланысы бар әлемге белгілі мемлекет.

Әлем кеңістігінде басқалармен тең жүретін, білімі мен біліктілігі заман талабына сай келетін ұрпақ өсіру де жоғарыда айтылған жо­рық­тың ерекше маңызды бөлігі бол­ды. Президент ұсынған әлем­дегі жарастыққа құшағын айқара ашқан Қазақ елін әлем елдері түсі­не білді. Білім аламын, шетел­дегі озық үлгілермен сусындай­мын деген қазақ азаматтарын ешкім бетінен қақпады. Жүзде­ген мың қазақ жастары әлемнің дамыған елдерінде болып, заманауи білім алды. Президент ұсынған «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанның әр салаларының көшін бастайтын білімді, білікті ма­ман­дар дайындау мақсатын қой­ды. Осы бағдарламамен шетел­де оқыған мамандардың ал­ғаш­­қы тобы министрлер, облыс, аудан әкімдері, басқа да жауапты мем­лекеттік қызметтерді жемісті атқара бастады. Олардың қатары жылдан-жылға көбеюде.

Сыртқы саясат, дипломатия әлемінде Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі де, беделі де, оған деген құрмет те ерекше. Осы егемендік жылдарында Еуропа, Солтүстік және Латын Америкасы, Азия, Араб елдерінің көпшілігіне барып, олардың кейбіреуіне бір рет емес, бірнеше сапар шегіп, сол елдермен Қазақ елінің тұрақты қарым-қатынасын орната білді. Қазіргі ию-қию заманда әлем елдерінің көбі, алыс-жақын көршілер де бір-бірінің жағасына жарма­­сып жат­қанда әлемде ешкіммен қабақ шытыспай, тек достық, түсініс­тік жағ­дайда болу – Нұрсұлтан Әбішұлы­ның сыртқы саясаттағы асқан шеберлігі. 

Әлем елдері оны жаһандық дәрежедегі қайраткер, саясаткер деп танып, құрметтейді. Соның айғағы – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті отырысының, осы ұжым­ды құрған елдердің бірінші бас­шы­ларының қатысуымен Қазақ­­стан астанасында өтуі. Бұл – тарих­та даму жолына жақын­да ғана шыққан елдердің ешқай­сы­сында болмаған теңдесі жоқ оқи­ға. Осыны ұйымдастыруға мүм­кін­­дік ашқан Қазақстан бас­шы­сы­н­ың әлемдегі жоғары беделі, бей­бітшілік, жарастық туын кө­тер­ген Президентін әр уақытта қолдап отырған қазақ елінің беделі.

Осындай ерен еңбектің арқа­сында елордамыз әлем елдері­нің мәмілегерлер астанасы сипатына ие болды. Алыс-жақын жерлердегі дау-дамайлар­дың өз елдерінде шешімін таппай, Астанаға келіп, Елбасының ақыл-кеңесін тыңдап, даудың күрмеуі бірден шешілмесе де, тар­қатыла бастағанына қуанып қайтқандарды да бір емес, талай рет көрдік. Қорыта айтсақ, біз­дерді, қазақтарды, әлем сахнасына шығарып, елдігімізді баршаға паш ете алған Нұрсұлтан Назарбаевтай қайраткер тарихымызда бұрын-соңды болған жоқ.

Біздің тіршілігіміз, жалпы адам­­зат өмірі қазіргі заманда өте тез өзгеруде. Бүгінгі біздің байлы­ғы­мыздың басты көзі – мұнай мен газдың маңызы азайып, баламалы энергетика, төртін­ші өнеркәсіптік революция­ның кейбір жетістіктері адам өмірінде, ең алдымен дамы­ған елдерде қолданыла бастады. Мұны тарихта бірнеше рет бол­ған күрделі технологиялық жаңа­лық­­тардың анасы деп айтуға бола­ды дейді мамандар. Өйт­кені бұрын болғандары адам­ның қара күшіне күш (трактор, ме­ха­ни­калық тұрғылар т.б.) қосу үшін жасалған еді, төртінші техно­ло­гия­лық төңкеріс адамның ой-са­насын, жасампаздығын, қысқаша айтқанда, адам капиталын еселеп арттыратын жаңалық болып тұр. 

Осындай болашақтың күрделі өзгерісін дер кезінде түсінуде де Н.Назарбаев қырағылық танытты. Адам капиталын дамытудың бірден-бір жолы халықты, ең алдымен жас ұрпақты сапалы біліммен сусындату болса, осыны терең түсінген Президент білім саласына бұрынғыдан да күр­делі, өте ауқымды реформалау жоба­с­ын ұсынды. Қазіргі таңда бүкіл білім-ғылым жүйесінде, бала­бақ­шадан бастап жоғары оқу орын­дарына дейін, осы реформалар ек­пінді түрде жүріп жатыр. Жаңа, сапалы оқу бағдарламасы енгі­зі­луде, жүздеген, мыңдаған мектеп ұстаздары өздерінің кәсі­би да­йын­дығын көтеруде, олар­дың жалақысы да қомақты көтерілуде. Барлық мектептерге кеңжолақты интернет желі­сі таратылуда, әр­бір ауыл мек­теп­­терін заманауи муль­­тимедиа құралдарымен жаб­­дық­тау алды­мыз­дағы жылдан бас­­талады. Әлем елдерінде ең жо­ға­ры сапаға ие болған орта және жоғары мектеп оқу­лықтары қазақ тіліне аудары­лып, солар­дың негізінде шетел­дер­дегідей оқу­шы­ларға дәріс беру жүйесі қа­лып­таса бастады. Бір­­неше жыл бұрын басталған бала­­бақша мен орта мектепте, қазақ, орыс тіл­дері­мен қатар ағыл­шын тілін оқыту бағ­­дар­ламасы біз­дің жас­тары­­мыз­­дың әлем кеңістігіндегі білім, ғы­лым, техника, технология жа­­ңа­­­лық­тарымен олар­ды қазақ тілі­не ауда­ру­ды күт­пей дер кезінде ин­тер­­нет арқылы таны­суына жол ашып отыр. Тек биыл­ғы жылдың өзін­­де білім жүйе­сіндегі реформа­лар­­ды іске асы­ру мақсатымен 

2 трлн тең­­ге­д­ен артық қаржы бөлі­ніп отыр. Бұл бұрын-соңды бол­ма­ған өте қомақ­ты қолдау. Қорыта айт­­сақ, ел аза­мат­тарының бүгінде де, бо­ла­­­шақ­та да заманның өктем та­ла­­бына жауап бере алатын, дү­ние­танымы жоғары, білімі мен білік­­­тілігі терең ұрпақ дайындау үшін Президенттің тікелей бас­шы­­лы­ғымен үлкен тағы бір жорық бас­талды. Соны баршамыз қолдап, іске сәттілік тілейік, ағайын.

Әлемді де, қоғамды да, жеке адамды да күрт өзгертетін төртінші өнеркәсіптік революцияның ма­ңыз­ды саласы – цифрлы технология. Оны жақсы игерген қоғам шаруашылық салаларының тиім­ділігін еселеп арттырады. Осы­ны жақсы түсінген Президент көп елдерге барып, мамандармен сөйлесіп, іске асып жатқан цифр­лы технологияларды, олар­дың нақты нәтижесін көріп, халқы­на «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасын ұсынып отыр. Мемлекет тарапынан осы бағдарламаны іске асыруға керек қаржы, басқа да мұқтаждық анықталды. Министр­ліктер, өңір басшылары, жоғары оқу орындары, басқа да білім, ғылым, технология саласындағы орта­лықтар осы іске бүгінгі таңда белсенді түрде кірісіп кетті. Бұл іске де сәттілік тілейік, ағайын. 

Егемендіктің алғашқы жылдарынан Президент ең алдымен елдің әл-ауқатын көтеріп алу маңызды екенін алға тартып, ірі-ірі экономикалық рефор­ма­лар­ды жүзеге асырды. Оның нәти­жесін бүгін көріп отырмыз. Ел етек-жеңін жинады, әлеумет еңсесін тіктеді. Ендігі жер­де басқа шаруаларға емін-еркін араласуға, соның ішін­де елдің рухани ұстынын ны­ғайтуға мүмкіндігіміз жетіп отыр. Осының барлығын күні бұ­рын стратегиялық тұрғыдан ойлас­тырған Мемлекет басшысы өткен жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», ал жақында «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын жариялады. Онда жасалған терең тұжы­рымдар мен жан-жақты дә­йек­телген бағыттарды өз басым егемен Қазақ елінің қайта түлеуі­нің тамаша манифесі дер едім. Өйткені ол мақалада айтылған құндылықтардың маңызы ерекше, әлем кеңістігінде қазақты қазақ етіп сақтай алатын құндылықтар. 

Осы жоғарыда айтылған іс-шараларды қорыта келіп, егемен ел ретінде асудан астық, арнаға түстік деп айтуымызға болады. Халық­тың тұрмысы біртіндеп жақсарып келеді. Бизнесті қолдау, оған мемлекет тарапынан жәрдем күшейді. Ұстаздар қауымының еңбекақысы туралы жоғарыда айттық, дәрігерлер жалақысы да алдағы жылдан бастап өсетіні рес­ми түрде айтылды. Әлеуметтік сала­ның басқа қырлары да жақ­сара бастады. Президент, Үкі­мет осы әлеуметтік саладағы көп­теген олқылықтарды жойып, ел тұр­мысын тиянақты жақсартуға кіріс­кен сыңайы бар. Бұл өте дұрыс қадам, ол тоқтап қалмауы, жалға­сын табуы керек.

Халқымыз оянды. Әрбір қоғам­дық маңызы бар мәселе­лерге, олар­­ды талқылауға белсене арала­са­­тын қалпын көрсетіп келе жатыр. Үкіметтің әрбір шешімі бұқара ха­лықтың қызу талқылауына түсу­де. Осыдан тиісті қорытынды шы­­ғаруымыз керек. Әрбір жа­уапты шешім билік пен халықтың екі­жақ­ты пікір алмасуы негізінде қабыл­дануы керек. Сонда ғана халық оны қолдап, орындауға кө­ңіл қоя­ды. Президент Үкіметтен, ми­нистр­­ліктерден, басқа да жауапты ме­ке­мелерден осыны талап етеді. 

Пайымдап қарасақ, демокра­тия­лық үрдістің жаңа қырына, бұрынғыдан да ізгілігі мол сатысына шығуға бет алғанымыз көрінеді. Президент халыққа ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары осыған жол ашты. Мемлекет тарапы­нан жасалған іс-шаралардың жа­рия­лылы­ғы көбейді. Халық ол шара­лар­дың дұрыс-бұрыстығын айтып, бақы­лауды күшейтті. Би­лік­тің ең төменгі деңгейінен жо­ғары дең­гейіне дейін құрылған Қоғам­­дық кеңестер өзекті мәсе­ле­лерді көтеріп, оларды би­лік­пен қоса оты­рып шешуге мүм­кіндік алды. 

Осынау жылдар ішінде Прези­дент­тің іскер басшылығымен жүзеге асқан істер сан алуан. Мерей­лі мереке – Тұңғыш Прези­дент күні қарсаңында «жақсының жақ­сылығын айт, нұры тасы­сын» деп олардың біразын жоға­ры­да айттық. Бірақ алдымызда талай асулар тұрғанын білеміз, Президент ол туралы өзі ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясында өте жақсы баяндады. Өркениет жолы – ұлы көш. Ол жолмен ұзақ жүріп, сатыдан сатыға көтеріліп, жаңа сапаға жете беруіміз керек. Бізде өндірістің технологиялық деңгейі төмен. Бірақ соған қара­­май әлемдегі экономикалық бәсе­ке­ге кірдік те кеттік. Сондықтан алғаш­қы жылдары тапқанымыз­дан жо­ғалт­қанымыз көп болды. Өз еліміз­дің экономикасы жан-жақты да­йын болмай, әлем елдерімен еркін сау­даға түстік. Жағдай солай болды. Кеңес одағы тарады, Батыс ел­дері осы жолға түсуге пәрменді түрде итермеледі. 

Капиталистік қоғамның алғаш­қы отаны Англия жаһан­дық бәсеке­ге шығу үшін өз өн­дірісінің қуатын барынша арт­тыру мақсатымен Тюдорлар за­манынан (1485ж.) бастап екі ғасыр дайындалған. Өз елі­нің эко­­номикасы әлемдегі нарық бә­сек­есіне дайын болуға Амери­ка Құрама Штаттарына 150 жыл керек болды. Бізде ондай уа­қыт болған жоқ. Негізгі себеп­терін жоғарыда айттық. Бізге дайын­дықсыз нарық жолына шы­ғып, қатарымызды жол үстінде түзетуге тура келді. 

Алған бетімізден таймай, ылғи ілгері жүріп отырсақ, халықтың бірлігін, елдің тұтастығын сақта­сақ, ұрпақ өсіріп, заман талабын түсі­не біліп, осыдан туатын іс-қи­мылды белсенділікпен жасай берсек, осы айтылған сауалдар­ға тиісті жауап табылады. Тұң­ғыш Президент ат үстінде нық отыр. Оның назарында – туған халқының тыныс-тіршілігі, оның назарында – жақсы болашаққа бас­тайтын асулар. Оның назарында – әлем тынысы, жақсылығы мен қауіп-қатері. Қырағы көз осының бәрін көріп, ой елегінен өткізіп, керегін өз елінің өміріне енгізу қамында.

Тұңғыш Прези­­дент күні осы құрметті атақ иесі Нұрсұлтан Әбішұлының өзін, бар­­ша халқы­мызды елеулі мерекесімен құт­тық­­тай­мын. Заман бұдан да жақсарып, ұлы көшіміз қалпын бұзбай бұдан әрі жалғаса берсін. Тағы да іске сәт, ағайындар! 

Кенжеғали САҒАДИЕВ,

мемлекет және қоғам қайраткері

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар