Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер

1237 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмыс­бас­тылықты дамыту мәсе­лелері Астанадағы «Ең­бек нарығының келе­шегі: жаңа мүмкін­діктер» атты форумда талқыланды. Ша­ра­ны «Шетелдік кеңес­ші­лердің қазақстан­дық кеңесі» қауым­дас­тығымен бірлесе Еңбек және халық­ты әлеу­меттік қор­ғау ми­нистрлігі ұйымдас­тырды. 

Еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер

Басқосу барысында Үкі­мет басшысы Бақытжан Са­ғынтаев форумның маңыз­дылығына тоқталып, еліміз­де атқарылып жатқан жұмыс­тарды тілге тиек етті.

«Біз еңбек нарығының болашағына қатысты барлық са­раптамаларды мұқият қада­ғалап отырамыз және Дүние­жүзілік банктің, ЭЫДҰ, Дүние­жүзілік экономикалық фо­румның, Азия даму банкінің баян­дамаларымен таныспын. Шы­нымен де, жаһандық тех­но­логиялық өрлеу адам капи­та­­лының сапасына, жұмыс кү­шінің біліктілігі мен құзы­ретіне жаңа талаптар қойып, еңбек нарығында жаңа­лық­тар пайда болуда. Бірін­ші­ден, Индустрия 4.0, «ау­қым­ды деректер», жасанды ин­­тел­лект және робот тех­ника сияқты цифрландыру мен технологиялардың қар­қын­ды дамуы жұмыс орын­да­ры­ның құрылымын өзгер­туде. Сарапшылардың баға­лауын­ша, 2025 жылға дейін ша­мамен жұмыс орында­рының 4% немесе 140 млн-ы жо­йылып кетуі мүмкін. Ал 80-90% немесе шамамен 3 млрд жұмыс орны күрделене түспек. Бұрынғы кәсіптердің жойылып, жаңа кәсіптердің күр­деленуі үкіметтердің күн тәр­тібіне автоматтандыру нә­тижесінде жойылған жұ­мыс орындарының орнын толтыру, өз елдеріндегі ең­бек ресурстарының жаңа дағ­дыларды игеру икемділігін қамтамасыз ету мәселелерін қойып отыр. Екіншіден, тех­но­ло­гиялар мен инновация­лар жаңа кәсіптер мен сала­лардың пайда болуына, демек, жаңа жұмыс орын­дарының ашылуына сеп болады. Бол­жам бойын­ша, жаһан­дық еңбек нары­ғын­дағы жұмыс орын­дарының шамамен 10% (немесе 350 млн) жаңа кәсіп түрінде ұсыны­лады. Олар дәстүрлі салалар мен инновациялар тоғы­сында пайда болмақ. Үшінші­ден, жаһандану және техноло­гиялық прогресс гиг-эконо­ми­каның дамуына әкеле жатыр, ол қазірдің өзінде жұмыспен қамтудың, өзін-өзі жұмыспен қамтудың неғұрлым икемді формаларын және еңбек нарығына халықтың әлжуаз топтарын барынша тартуды талап етуде. Еңбек нарығы өзгеруде. Былайша айтқанда, «фрилансерлердің» саны артып келеді. Жартылай немесе уақыты ыңғайлы жұмыспен қамту, бірлесіп жұмыс істеу, үйде отырып жұ­мыс істеу, жыл­­дық са­ғаттар көлемі сияқ­ты жаңа форматтар кеңею­­де, деді Б.Сағынтаев. Үкімет­­тің жос­­пар­лауынша, алда­ғы

7 жыл­­­да ұлттық еңбек на­ры­ғы­на колледждер мен уни­вер­си­­тет­тердің 2 миллионға жуық түл­ектері шығуы мүм­кін. Олар­ды сапалы жұ­мыс ор­­ны­мен қамтамасыз ету қажет. Сонд­ықтан 2025 жыл­ға қа­рай бір миллионға жуық жұмыс орнын құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл үшін жобалық басқару енгізілді, базалық салаларда ғана емес, өндірістерді автоматтандыру және цифрландыру, өнеркәсіпте Ин­дустрия 4.0 элементтерін ен­гізу, жаңа перспективалы салалар мен сер­вистік экономиканы құру тұрғысында да жұмыс орын­дары құрылып жатыр. Екін­ші­ден, Үкімет Еңбек ресурс­та­­рын болжаудың ұлт­тық жү­­­йе­­сін енгізді. Оның басты мін­­­деті – жұмыс кү­шіне деген сұ­раныс пен ұсы­ныс­ты ал­­­дын ала бағалау, маман­дар­­­д­ың қажеттілігін анық­тау жә­не оларды даярлау, қай­та даяр­­лау үшін жүйе құру. Үшін­­­шіден, технологиялық жаң­­­­ғы­рту нәтижесінде босап қа­­ла­­­тын еңбек ресурстарының ағы­­нын басқару тетігі енгі­зіл­ді. Барлық өңірлерде ірі кә­­сіп­­орын­­д­армен жұмыс жүр­гізілуде. 

Сонымен қатар еңбек на­ры­ғының икемділігін арттыру үшін 2018 жылдың 1 қаң­тарынан бастап еліміздегі алғашқы цифрлы алаң және ең үлкен бос жұмыс орындары мен резюмелер қоры – Элек­трон­ды еңбек биржасы енгізілмек.

«Оған барлық 200 мем­ле­кет­­тік және 48 жеке жұмыс­пен қамту агенттігі, сонымен қатар бірқатар БАҚ пен он­­лайн-алаңдар қосылған. Жұ­­­мыс­­пен қамтуды қамта­ма­сыз ету және жұмыс орын­­­дарын ашу мақсатында Үкі­мет жаппай кәсіпкерлікті д­а­мы­­­­ту бағдарламасын жүзе­ге асы­р­уда. 2017 жыл­дың ба­сы­­­нан бері бұл мақсатқа 190 млрд теңге бөлінген. Бұл 1 млн-нан астам адамның, оның ішінде биыл 430 мың адам­­ның жұмыспен қамты­луына мүм­кіндік берді. Бұл жұмыс­тар жал­ғастырылады деді Б.Сағынтаев.

Форум барысында халық­аралық ұйымдардың өкіл­дері еңбек нарығына өзгеріс­тер әкеліп жатқан жаһандық бета­лыстар жайлы ақпарат берді. Әлемдік тәжірибесі мол са­рапшылар трендтердің дамы­ған және дамушы эконо­ми­каларға ықпал етуіндегі айыр­машылық жайлы әңгімеледі. Дамыған және дамушы ел­дердің тәжірибесі негізінде жұ­мысбастылық, білім беру және дұрыс әлеуметтік қор­ғау­ды қамтамасыз ету сала­сын­дағы өзгерістерді басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелер таныстырылды.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»