- Бұл мереке күнтізбеде кенеттен пайда бола кеткен жоқ – ол үлкен табыстардың, біздің халқымыз бен мемлекетіміздің ғасырлық алға жылжуының дәлелі. Бұл табыстар Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тікелей байланысты екені күмән туғызбайды. Оның жетістіктері халық тарапынан зор құрметке және сенімге ие. Тұңғыш Президент жетекшілік ететін Қазақстан республикасының Қарулы Күштері қазіргі таңда ұтқыр және жауынгерлдік мүмкіндігі зор әскерге айналды. Біз қазір заманауи әскери техникаларға қол жеткіздік, білім-білігімізді әр тарапта жетілдіріп, әртүрлі көлемдегі оқу-жаттығу өткізіп келеміз. Алдымызға қойған мақсаттарымыз да аз емес, деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары полковник Асқар Биназаров.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы