Бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл қалаларынан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген кіл шеберлер жұдырықтасып, шаршы алаңның шаңын қақты.
46 кило салмақ бойынша ақтық бәсекеде алаң иесі Тастүлек Асылбек астаналық Сейілбек Әлкейді ұтты. 49 кило салмақ дәрежесінде түркістандық Тәліп Рысхан қарсылас шыдатпады. 52, 56, 60, 75, 91 кило салмақ бойынша Дарын Құлжабаев /Алматы облысы/, Нұрғали Сағдат, Ділшәтбек Тайыржанов, Окаро Джозеф /Солтүстік Қазақстан, / Абзал Құлжан /Ақтау/ жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
91 килодан жоғары салмақта шымкенттік Озот Ирисметов чемпион атанды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы