«Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторы 2018 жылдың наурыз айында нарықтағы стратегияны өзгерту мақсатында сауда секторының кәсіпкерлерін ынталандыра бастады.
«Мен дүкенде тұрған қарапайым сатушының сол дүкеннің иесі де өзі екенін және де сату орнында нан немесе сүт өнімдерін тіпті қарызға беріп жатқанын көргенімде, бұл кәсіпкердің серіктес болуға әбден лайық екенін бірден түсінемін. Дүкен иесіне жұмысқа қажетті жарнама материалдары, қымбат құрылғылар – барлығы тегін беріледі. Сатушыларға арналған оқу жаттығуларын да толығымен өз мойнымызға алдық, міне біз кәсіпкерлермен осындай қарым-қатынас құрамыз», дейді Александр Тен.
«Сәтті Жұлдыз» басшысы лотереямен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер әлі де компаниямен байланысқа шығуға болатынын жеткізді. Оператор келесі 2019 жылдың көлемінде тағы да 1 мыңға жуық сату нүктелерін іске қоспақ.
«Қазір бізде өте табысты сату орындары бар және олардың басым бөлігі – үй жанындағы кішігірім дүкендер. Бұл сату орындарының табысты болуының басты құпиясы – кәсіпкерлердің лотерея өнімін пайда табу мақсатында сатудағы қызығушылығы», дейді Александр Тен.
Мысалы, үстіміздегі жылдың 21 қарашасы күні ұялы телефонға арналған қосымшаларды сату бөлімінен лотерея билетін сатып алған қарағандылық тұрғын 24 564 млн теңге көлеміндегі супержүлдені ұтып алды.
Бұл бизнестің иесі Наталья Николаева былай дейді:
«2018 жылдың 16 мамыры күні сату басталған сәттен бастап «Сәтті Жұлдыз» АҚ компаниясымен серіктеспін. Жеңімпаз 24 млн теңге ұтып алған билетін менің дүкенімде сатып алғанын естігенімде таңғалдым. Оның үстіне, осыған орай «Сәтті Жұлдыз» маған ұтыстың 1% көлемінде сыйақы беретініне де қуандым. Айтпақшы, осы жаңалықтан кейін тұтынушылар екі есеге көбейді. Жұмыс істеу ыңғайлы әрі табыс көлемі де ұлғая түсті».
Лотерея бизнесінің әлемдік бірыңғай практикасы бойынша сату желісін ұлғайту мақсатында лотерея операторы жергілікті ШОБ өкілдеріне қолайлы жеңілдіктер арқылы қолдау көрсетеді. Бірақ жақын арада мұндай мүмкіндік жабылуы мүмкін. Дегенмен әзірше оператор серіктестік өтінімдерін қабылдайды. Бастапқыда «Сәтті Жұлдызбен» 2019 жылдың ортасына дейін серіктестік орнатып үлгерген кәсіпкерлер үшін шарттар толығымен сақталады, нақтырақ айтқанда: 6% агент комиссиясы және ұтыс сомасының 1% көлеміндегі сыйақы мөлшерлемесі өзгермейді.