Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Жастар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қонақта болды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас Отан» ЖҚ белсенділері Астанадағы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қонаққа барды. 

Жастар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қонақта болды

Жасотандықтар балаларға ойыншықтар мен тәттілер сыйлап, орталықтың кішкентай тұрғындарының көңіл-күйін көтерді.

Мекемеде БЦП (ДЦП), эпилепсия, физикалық, психикалық даму бөгелісі диагноздарымен 3 жастан 29 жасқа дейінгі 277 мүгедек-бала қаралады. Ал күндізгі бөлімде 156 бала бар. Балалар даму деңгейіне байланысты қозғалмалы ем, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-тұрмыстық бағыт-бағдар беру, әлеуметтік еңбекке үйрету секілді сабақтарға қатысады.

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - осы бір тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.